Бөлім басшысы: Коновалов Алексей Петрович
БАЙЛАНЫСТАР

Телефон: +7 (7222) 35-45-58
Мекен жайы: Қазақстан республикасы 071400, Cемей қаласы, Глинка көш. 20а
Кабинет: 907

ӘМБО – Шәкәрім атынд. МУ ғылыми-зерттеу, ақпараттық-аналитикалық және әлеуметтік-болжау бөлімшесі

ӘМБО міндеті қоғамдық пікірдің жүйелі әлеуметтік мониторингін жүргізуде және Шәкәрім атынд. МУ көрсететін білім беру қызметтерінің сапасын арттыру бойынша ұсыныстарды жасап шығаруда жатады.

ӘМБО университет студенттері, оқытушылары арасында, Семей қаласының және Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары арасында тұрақты түрде социологиялық пікіртерімдерді өткізіп тұрады, нәтижелерін ЖОО ректорына, деканаттарына, басқа бөлімшелеріне ұсынып отырады.

 

ӘМБО Шәкәрім атынд. МУ Ғылыми кеңесінің 2016 жылғы 6 мамырдағы шешімімен құрылды.

ӘМБО сапа саласындағы келесі мақсаттарды басшылыққа алады:

  • шынайы эмпирикалық ақпаратты жинауға мүмкіндік беретін әдістемелер мен аспаптарды пайдалану;
  • зерттеулердің нәтижелеріне талдау жасау және жоғары қолданбалы мәні бар есептерді дайындау;
  • тұтынушыларды социологиялық зерттеулердің нәтижелері бойынша ақпараттың қол жетімділігімен қамтамасыз ету,
  • динамикадағы социологиялық пікіртерімдердің деректер қорын қалыптастыру. Осының негізінде студенттерді оқыту сапасындағы негізгі беталыстарды айқындау және т.б.