Бөлім басшысы: Амирханов Кумарбек Жунусбекович
БАЙЛАНЫСТАР

Телефон: +7 (7222) 35-66-50
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы 071400, Cемей қаласы, Глинка көшесі 20а
Кабинет: 501

Семей қ. Шәкәрім атындағы  мемлекеттік университетінің франшиз және технологиялар орталығы ғалымдардың ғылыми-техникалық және технологиялық жасалымдарын коммерциаландыруды инновациялық үрдістің барлық қатысушыларының құқықтарын сақтай отырып, жүзеге асыру үшін құрылды.

  • Нарықтың қажеттілігіне бағытталған инновациялық жасалымдарды коммерциаландыру бойынша университет саясатын жасау және іске асыру, инвестиция тарту және басқа кәсіпорындар және ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту;
  • Университет ғалымдарының ғылыми-зерттеу және инновациялық жұмыстарына мониторинг және сараптамалар жүргізу;
  • Ғылыми-техникалық және технологиялық жасалымдардың нарықтық (инвестициялық) тартымдылығын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру:
  • Ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін әртүрлі деңгейдегі конкурс, көрме,т.б. іс-шараларда көрсету;
  • Инновациялық жобаларды ұсыну және коммерциаландыру жөнінде оқыту семинарларын, тренинг, курстарды ұйымдастыру, өткізу;
  • Ғалымдардың патенттері мен авторлық куәліктеріне талдау жасау арқылы оларды нарыққа шығарудың тиімді жолдарын анықтау;
  • Университеттің инновациялық зерттеулеріне қаржыландыру көздерін іздестіру;
  • ПОҚ, қызметкерлер, магистранттар мен студенттерге ғылыми-әдістемелік және кеңесшілік қызмет түрлерін жүргізу;
  • Оқытушылар мен студенттердің стартап-жобаларын жасау кезінен бастап, коммерциаландыруға дейін бірге жүргізу;
  • ҚР технологияларды коммерциаландыру жүйесін дамыту және университетте коммерциаландыру идеясын көпшілікке тарату жөніндегі ақпараттық қызметті жүргізу.