БАЙЛАНЫСТАР

Телефон: +7 (7222) 56-16-32
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы 071400, Cемей қаласы, Шәкәрім көш. 42
Вебсайт: http://e-lib.semgu.kz/

Ғылыми кітапхана Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемелекеттік университетінің дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Студенттерге, ғылыми – педагогикалық қызметкерлерге және басқа да оқырмандарға тез және сапалы кітапханалық және ақпараттық – библиографиялық қызмет көрсетуді ұйымдастырады және іске асырады.

Ғылыми кітапхананың кітап қоры қазақша, орысша және шет тілдерінде университет бейініне сәйкес әр түрлі білім салалары бойынша жинақталған. Әдебиеттер гуманитарлық және қоғамдық-саяси ғылымдар, экономикалық және заң туралы іргелі ғылым салалары бойынша топтасқан, сондай-ақ әлемдік көркем әдебиеттің орысша, қазақша және шет тілдеріндегі бай қоры бар. Кітапхана қоры 900 мың дананы құрайды:

  • оқулық және оқу-әдістемелік
  • ғылыми әдебиет
  • көркем әдебиет
  • мерзімді басылымдар

Жыл сайын ғылыми кітапхана қоры 5 мың данадан аса әдебиеттермен толықтырылады және мерзімді басылымдарға жазылады. Университеттің оқу ғимараттарында кітапхананың 9 оқу залдары бар. Кітапхана оқырмандарының Internet ғаламдық ақпараттық желісін және ҚР заңнамалық актілерінің ақпараттық банкі “Параграф”-ты мемлекеттік және орыс тілдерінде пайдалану мүмкіндігі бар.

Кітапхана пайдаланушылары Ресей Мемлекеттік кітапханасының толықмәтінді дерек қорына, Республикалық Жоғары орындары арасындағы электронды кітапханаға, Қазақ Ұлттық электронды кітапханасына, Elzevir, Polpred, Znanium сыртқы электронды ресурстарына ену мүмкіндіктері бар.

Университеттің білім үдерісіне,кәсіби және ғылыми зерттеу қызметіне,жоғары мәдениетті университеттік қоғамдастық жасауға қолдау көрсететін ақпараттық ресурстарға сапалы және тиімді қол жеткізуі үшін пайдаланушыға мүмкіндік беру.

  • Ғылыми кітапхана Семей қаласының Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің оқу және ғылыми процесті әдебиетпен және ақпаратпен қамтамасыз ететін жетекші құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  • Университет профиліне және оқырмандардың ақпараттық талаптарына сәйкес қорды қалыптастыру, оқулық және ғылыми зерттеулерді кітапханалық- библиографиялық талапқа сай қамтамасыз ету.
  • Мекемелер мен ұйымдардың электронды ресурстарына енуді ұсыну.
  • Ғылыми кітапхана қызметі ізгілікке, жалпы адамдық құндылықтарға бағытталған, қордағы мәдени мұраны ашу және насихаттау, оқырмандарды әдебиетпен әлеуметтік талаптарына сай қамтамасыз ету.
  • Ақпаратты мәдениетті тәрбиелеу, кітапхананы, кітапты пайдаланудың тәсілдерін үйрету.
  • Ақпаратты қызмет сапасын арттыру, кітапханалық қызмет көрсету түрлерін көбейту, автоматты кітапханалық технологияларды енгізу, кітапхананың техникалық жабдықталуы.
  • Ақпаратты айырбас жолымен қаланың жоғарғы оқу орындарының кітапханаларымен және Республикалық ғылыми техникалық кітапханасымен тығыз байланыста болу.
  • Ғылыми кітапхана университеттің 1-ші басшысына тікелей бағынады.

Ғылыми кітапхана осы Ережені басшылыққа алады:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясын
  • Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңын
  • «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын»
  • Университет Жарғысын
  • «Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» ISO ISO 9001:2008 халықаралық стандартын
  • Шәкәрім атындағы Семей университетінің сапа саласындағы саясатын
  • Кітапхана ісі жөніндегі құжаттар мен нұсқауларды
  • Қазақстан Республикасының ғылым және білім беру министрлігінің нормативті және құқықтық актілерін
  • Ректор бұйрықтарын, оқу жұмысы проректор өкімдерін

Университеттің ғылыми кітапханасын жалпы әдістемелік басқаруды ҚР Білім министрлігінің Республикалық кітапхана – ақпараттық комиссиясы жүргізеді.

1. Мемлекеттік тілде оқу – әдістемелік және ғылыми әдебиеттерді мамандықтардың оқу жоспарына сәйкес 3 %-ға арттыру.
2. Кітапхана қорының сапасын жақсарту мақсатында мазмұны ескірген 60 000 жуық әдебиеттерді есептен шығару.
3. «Университет оқытушыларының еңбектері» толық мәтінді базасын 120 атаулы басылыммен толықтыру.

Қорды толықтыру бөлімі

Университет бейіні мен талаптарына сәйкес факультеттер мен кафедралармен бірлесіп қорды толықтыр.Кітап қоры есебінің барлық түрлерін (мүліктік, жеңілдетілген, жиынтық ) жүргізу.Кітап қорын толықтыру сұрақтары бойынша басқа кітапханалармен, ұйымдармен және мекемелермен хат алмасуды жүргізу,тапсырыстардың толық орындалуы мен жедел түсуін бақылау.Жаңа әдебиеттерді қабылдау және жазу, мерзімді басылымдарға жазылуды жүргізу.

otdel komplotdel kompl1
Әдебиеттерді ғылыми өңдеу мен каталогтау бөлімі

Бөлім келіп түскен құжаттарды жүйелейді және құжаттарды ғылыми өңдейді. Университеттің ғылыми кітапханасы каталогтарының әкімшілік ұйымдастыруын жүргізеді ( редакциялау, безендіру және насихаттау).Каталогтар бойынша ақпараттарды іздеу және кеңес беруді жүргізеді.

otdel catalog1otdel catalog5

Ғылыми кітапхананың қызмет көрсету бөлімі
Студенттер, оқытушылар мен қызметкерлерге 9 оқу залдары мен 6 абонементте қызмет көрсетуді ұйымдастырады.Университеттің білім беру бағдарламаларына сәйкес барлық білім салалары бойынша оқулық, анықтамалық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді уақытша пайдалануды ұсынады.Көпшілік жұмыстарын,жаңа басылымдар тұсаукесерін,тақырыптық кітап көрмелерін ұйымдастырады. Оқу-әдістемелік үдерісін қамтамасыз ету үшін факультеттер және кафедралармен іскери байланыста болады.
otdel obsl3

Анықтама-библиографиялық және ақпараттық бөлімі

Ғылыми зал қызметкерлері университет оқытушыларына, магистранттарға, ғылыми ізденушілерге қызмет көрсетеді. Кешенді ақпараттық шаралар өткізеді, анықтамаларды орындайды, ғылыми және оқу қызметіне көмек көрсету үшін библиографиялық, көрсеткіштер, тізімдер әзірлейді, ақпаратты іріктеп (саралап) тарату және басшыларға саралы қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
otdel elecktr1  otdel elecktr2

Электронды ресурстар мен жаңа технологиялар бөлімі

Автоматтандырылған ақпараттық-кітапханалық (КАБИС) жүйесінің қызметін ұйымдастырады және оның автоматтандырылған жұмыс орнын өзара әрекеттестіреді. Электронды залды ұйымдастыру жолымен электронды ақпараттық ресурстарға енуді қамтамасыз етеді.Университеттің ғылыми кітапханасының сайтын үнемі жаңартып, жетілдіреді, магистрлік диссертациялардың электронды нұсқаларын жинайды, жүйелейді және сақтайды.
otdel elecktr1  otdel elecktr2

Кітап сақтау бөлімі

Бөлімге түскен құжаттарды ғылыми кітапхананың құрылымдық бөлімдері бойынша бөледі және оны пайдаланушылар қажеттілігіне сәйкес қайта бөледі.Ғылыми кітапхананың құрылымдық бөлімдерінің қорына топографиялық картотекасы мен есепті журналдарын жүргізеді.Кітап қорын тозған, басы артық дублетті, ескі әдебиеттерден тазартып, кітап қорын есептен шығару актілері бойынша жұмыстар жүргізеді.