Орталық бастығы: Мәмбетбаева Роза Сейсенбекқызы.
БАЙЛАНЫСТАР

Телефон: +7 (7222) 30-41-62
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы 071400, Cемей қаласы, Таңірбергенов көшесі, 1
Кабинет: 202, 203
E-mail: ciot2013@mail.ru

Инновациялық білім беру технологиялары орталығы Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің құрылымдық бөлімі болып табылады.

Білім беру үрдісінде қосымша білім беру бағдарламалары бойынша жоғары білікті білім беру қызметін қамтамасыз ету, педагогикалық және ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану негізіндегі жаңашыл педагогикалық іс-тәжірибелерді тарату.

  • білім саласы субъектілерінің ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыстарына қолдау көрсету және бағдарламалар, жобалар мен ұсынымдарына ғылыми сараптама беру, сұраныстарына сай ақпарат дайындау және ұйымдастыру;
  • үздіксіз қосымша білім беру бағдарламаларына сәйкес мамандар, студенттер мен магистранттардың кәсіби бағыт аясында кешенді оқыту;
  • кафедра негізінде оқу-ғылыми стажировкалар ұйымдастыру;
  • көптілді білім беру бағдарламасын жүзеге асыру;
  • ерекше қажеттілікті қажет ететін балалармен психо-педагогикалық және түзету-дамытушылық жұмыстарын ұйымдастыру;
  • қосымша білім беру қызметі – білім беру қызметі нарығындағы субъектілердің сұраныстарына сай қысқа мерзімді курстар ұйымдастыру;
  • инновациялық педагогикалық тәжірибені жүйелеу, білім беру кеңістігіндегі үрдістің дамуына сәйкес педагогикалық теориялар мен тәжірибелердің жаңа тәсілдерін енгізу – «Педагогикалық шеберлік керуені» аймақтық дәстүрлі педагогикалық континуум өткізу;
  • тәжірибе алмасуды ұйымдастыру (ғылыми-тәжірибелік стажировка, дөңгелек үстел, конференциялар, форумдар т.б. ұйымдастыру);
  • инновациялық үрдістерді аймақтық іс-тәжірибеде қолдануға ықпал жасау (семинарлар, курстар, тренингтер т.б. ұйымдастыру);
  • бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларды жүзеге асыру;
  • орталықтың инновациялық білім беру технологиялары алаңшасы секторларының жұмыстарын үйлестіру.

– ҚР білім беру жүйесінде қолданыстағы заңнамаларының және басқа нормативтік құқықтық актілері;

– Университет жарғысы;

– Сапа саласындағы университет басшылығының саясаты;

– Ректордың бұйрықтары мен өкімдері;

– СТ РК ИСО 9001:2009 және ISO 9001:2008 стандарты;

– Университеттің сапа менеджменті жүйесінің құжаттары;

– Орталық қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтары.

  1. Білім беру қызметі нарығы субъектілерінің сұраныстарына сәйкес қосымша білім беру бағдарламалары бойынша курстар ұйымдастырып өткізу – 25 іс-шара.
  2. ШҚО аудандарының білім саласы қызметкерлеріне көшпелі оқыту семинарлары мен курстарды ұйымдастыру және өткізу – 2.
  3. Психологиялық және логопедиялық көмекті қамтамасыз етіп, мектепке дейінгі жастағы балаларға әлеуметтік және түзету-дамытулық қызмет көрсету – 170 қабылдау.
  4. ШҚО білім беру субъектілерінің сұранысы бойынша семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру және өткізу – 10 іс-шара
  5. Ағылшын тілінің көпдеңгейлі курстарын ұйымдастыру – 200 сағат.
  6. Университет ПОҚ, студенттері мен магистранттарының кәсіби-жеке тұлғалық дамуының инновациялық бағыттарын қолдауға арналған курстар мен тренингтер ұйымдастыру – 7 іс-шара.