Бөлім басшысы: Дюсембаев Сергазы Турлыбекович
БАЙЛАНЫСТАР

Телефон: +7 (7222) 35-84-57; (факс) 35-94-65
Мекен жайы: Қазақстан республикасы 071400, Cемей қаласы, Физкультурная көш. 4
E-mail: srl.08@mail.ru
Вебсайт: rlab.semgu.kz

2007 жылы мемлекеттік бағдарлама бойынша Қазақстанның жоғары оқу орындарына  инженер бейінді 10 зертхана, ал 2008 жылы тағы 5 зертхана бөлінген болатын.  Солардың бірі, ҚР Білім және ғылым министрлігінің құны 200 млн. теңге құрайтын гранты бойынша Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетіне бөлінді. Инженерлік бейінді зертхана 2008 жылдың наурыз айынан бастап қолданысқа енгізілді. 2008 жылғы 6 қазандағы  университет ректорының № 69 бұйрығымен инженерлік бейінді зертхана “Радиоэкологиялық зерттеулердің ғылыми орталығы” болып аталды.

«Радиоэкологиялық зерттеулер ғылыми орталығы» Инженерлік бейінді зертхана үй-жайларының орналасуы.

Инженерлік бейінді зертхананың жалпы ауданы 850,2 – м2

Бөлмелердің ауданы 601,94 – м2

«Радиоэкологиялық зерттеулердің ғылыми орталығының» алып тұрған ауданы 232 – м2

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің инженерлік бейіндегі  аймақтық сынақ зертханасы «Радиоэкологиялық  зерттеулердің  ғылыми  орталығы», аккредиттеу  жүйесінде  2013 жылдың 24 қаңтарында № KZ. И.17.1357 «Сынақ  және калибрлеу зертханаларының  құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» ҚР СТ ИСО/ХЭК 17025-2007 талаптарына сәйкес аккредиттелді, сонымен қатар 2014 жылдың ақпаныңда инспекциялық тексерістен ойдағыдай өтті.

ИБАСЗ РЭЗҒО екі мемлекеттік лицензия алды:

  • Қазақстан Республикасының  Ішкі Істерінің Министрлігінің прекурсорлық айланысына  қатысты.
  • Қазақстан Республикасының  Индустриялық Ғылыми Технологиялар Министрлігі «атомдық энергияны пайдалану аймағында қызмет көрсетуді ұсыну » қызметі жасалуына.

Радиациялық қауіпсіздік бойынша тамақ өнімдерінде, құрылыс материалдарында, қоршаған ортада, қол жетімді бағада  сапалы зертханалық қызымет көрсету.Біз алдыңғы қатардағы технологияларды пайдаланып, сынама зерттеулеріміздің  барлық сатыларында қызметіміздің сапасының жоғары болуын қамтамасыз  етеміз.

“Радиоэкологиялық зерттеулер ғылыми орталығы” қызметінің негізгі бағыттары:

  • Семей сынақ полигоны әсерінен радионуклидтермен ластанған топырақтың қалыптасуы мен оны қайтадан қолдануға беру;
  • Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында радионуклидтермен және ауыр металдармен ластанған жер беті және жер асты суларын тазалау әдістерін әзірлеу;
  • Семей сынақ полигоны және оған шектес аймақтардағы азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімдерін санитарлық-ветеринариялық сараптау және оларға санитарлық баға беру;
  • Қазақстан Республикасы өңірлерінің радиоэкологиялық жағдайына мониторинг жүргізу.
  • Көпшілік тұтынуға және халықтың детерминацияланған топтары пайдалануға арналған профилактикалық және емдік мақсаттағы құрама тамақ өнімдерінің жаңа түрлерінің технологиясын әзірлеу;
  • Кәсіпорын жағдайларында функционалды азық-түлік өнімдерін өндіруге арналған жаңа биотехнологиялық жабдықтарды жасау және енгізу.
  • Экологиялық жағдайсыз өңірлердегі функционалды тамақ өнімдерін өндіудің биотехнологиялық зерттулері;
  • Радиопротекторлы қасиеттерімен ерекшеленген жаңа тамақ өнімінің әзірлемелері;
  • Радиоэкологиялық зерттеулер ғылыми орталығының материалдық базасын,  зерттеулері нәтижелерін радиоэкология, радиациялық қауіпсіздік, радиобиология және шектес ғылымдар бойынша мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру үшін қолдану;

Зертхананың сапа бойынша саясаты жасалынатын зерттеулер сынамаларының жоғоры сапада болуы, берілген талаптарға сай келуі, біздің зертханамыздың қызметіне деген сенімді артыру.

Радиоэкологиялық зерттеулердің ғылыми орталығы:

  • Қызметкерлердің жұмыс істеуіне,олардың кәсіби жетілуіне,мүмкіндіктерін шыңдауға жағдай жасау;
  • Магистрантар мен докторанттарды дайындауда зерттхананы тиімді пайдалану;
  • Университетіміздің оқытушылық-профессорлық құрамының,қызметкерлердің,магистранттар мен доктаранттардың ғылыми зерттеу жұмыстарына;
  • Шет елдің және өзіміздің алдыңғы қатардағы зертханаларында қызметкерлеріміздің біліктілігін арттыру;
  • Зертханамыздың ғылыми беделін мақалаларымызды импакт- факторлы журналдарға жариялап және инновациялық патенттер алып арттыру.