Бас бухгалтер: Қажыбаева Назым Қажыбайқызы
БАЙЛАНЫСТАР

Телефон: +7 (7222) 30-42-40
Мекен жайы: Қазақстан республикасы 071400, Cемей қаласы, Танибергенов көш. 1
Кабинет: 215

Бухгалтерия  Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің (ары қарай- университет) құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Алынған ақшалай және материалды-техникалық ресурстарды мақсатты және тиімді пайдалануға бағыттауды қамтамасыз етеді.

Бухгалтерия қызметі  тікелей университет ректорына бағынады.

Бухгалтерияның жетекшісі бас бухгалтер болып табылады. Бас бухгалтер  лауазымына  ҚР Ғылым және Білім Министрлігімен келісе отырып жасалған ректор бұйрығымен тағайындалынады немесе босатылады.

Бухгалтерия қызметкерлерінің еңбек жағдайы, құқығы мен міндеттері еңбек келісімшартымен белгіленеді.   Әрбір лауазым иесінің нұсқаулықтары бас бухалтердің әзірлеуі мен және университет ректорының бекітілуімен нақтылынады.

Бухгалтерияның  қызметінің  негізгі мақсаты біртекті бухгалтерлік есепті жүргізуді,  университетпен іске асырылып отырған келісім шарт және контрактілер бойынша қаржылық міндеттерді орындауды, салыстырылынатын және нақты қаржылық есеп әзірлеп ұсынуды қамтамасыз ету.

Университеттің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Бухгалтерияның негізгі мақсаттары  – бухгалтерлік есеп жасаудан басталып, келісімшарт және контрактілер бойынша қаржылық міндеттердің орындалуын, материалдық және қаржылық ресурстарды үнемді пайдаланылуын бақылау.

Бухгалтерияның  міндеттері мен қызмет түрлері:

  • қаржылық – шаруашылық қызметтерді университет қажеттілігіне сай жоспарлау.
  • 5 жылдық даму жоспарын әзірлеу және орындалуын қадағалау.
  • бухгалтерлік есепті ҚР-ң 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234-III бұйрығы негізінде жасалған «Бухгалтерлік және қаржылық есеп» туралы Заңына сәйкес жүргізу
  • бухгалтерлік есепті халықаралық қаржылық есеп стандарты және университеттің есеп саясаты, университет қызметінің ерекшелігін ескере отырып ұйымдастыру.
  • Жоғарғы деңгейдегі біліктілік, түсіністік, сенімділік, сәйкестік негіздерінде қаржылық есеп жұмыстарын қалыптастыру.
  • 07.2007 ж. №319-ІП ҚР 3 «Білім туралы» ҚР заңы (өзгерістері мен толықтыруларымен);
  • ҚР Конституциясы;
  • 28 ақпан 2007 ж. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп-қисабы туралы» №234 ҚР заңы;
  • Нормативтік құқықтық актілер
  • «Бюджетке төленетін салықтар және басқа міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексі
  • 5 жылға арналған университеттің даму бағдарламасы
  • Құрылымдық бөлімше туралы ереже
  • Бухгалтерияның лауазымдық нұсқаулықтары
  • Университеттің есеп саясаты
  • Университеттің уставы
  1. 2013-2022 жылдарға арналған университеттің стратегиялық жоспарына сәйкес университеттің даму жоспарын әзірлеу, бекіту және орындау
  2. Университеттің уставтық қызметіне сәйкес қаржылық тұрақтылығын сақтау және пайдасын артыру үшін қосымша табыс түрлерін тарту
  3. Ресурстарды басқару жүйесін жақсарту