Бөлім басшысы: Солтанбекова Орынбасар Туяковна
БАЙЛАНЫСТАР

Телефон: +7 (7222) 36-03-96
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы 071400, Cемей қаласы, Глинка көшесі 20А
Кабинет: 123, 124
E-mail: osoltanbekova@mail.ru

Талапкерлерді рекрутингілеу және түлектерді жұмысқа орналастыру орталығы қызметі талапкерлерге кәсіптік бағдар беру мен жоғары оқу орнына дейін даярлау бағытындағы әртүрлі бөлімдердің жұмысын үйлестіру және біріктіруге бағытталған, студенттердің сапалы контингентін қалыптастыруды қамтамасыз ететін, түлектердің жұмысқа орналасуына көмектесетін, сондай-ақ білім беру қызметі нарығындағы университеттің жағымды имиджін ілгерілететін Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің құрылымдық бөлімі болып табылады.

Талапкерлерді рекрутингілеу және түлектерді жұмысқа орналастыру орталығының құрамына 4 бөлім кіреді:

  • Кәсіптік бағдар беру бөлімі
  • ҰБТ және кешенді тестілеуге даярлау бөлімі
  • Тестілеу бөлімі
  • Түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімі

 Талапкерлерді рекрутингілеу және түлектерді жұмысқа орналастыру орталығы

Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында:

  • кәсіптік бағдар беру жұмыстарын үйлестіру, өрісті және ағымдағы жоспарлауды жүзеге асырады;
  • білім беру жүйесі мекемелерімен және жергілікті билік органдарымен қарым-қатыната болады;
  • талапкердің кәсіби таңдау жасауына кеңес береді;

 болашақ талапкерлердің дайындық сапасын арттыру мақсатында:

  • психологиялық кәсіби бағдар бағытындағы дигностикалауды ұйымдастырады;
  • әр түрлі дайындық курстары арқылы талапкерлерді даярлауды жүзеге асырады;
  • әр оқушының білім деңгейін анықтау және талапкердің біліміндегі олқылықтарды айқындау мақсатында тестілеу өткізеді және оның нәтижелеріне талдау жасайды; оқу жылы барысында барлық оқушының тестілеу нәтижелерін мониторингілейді;
  • талапкерлердің білім деңгейінің көтерілуі мен дамуына, оқушының оқу үдерісіне қызығушылығын қалыптастыру, білім берудің тиімділігін арттыру үшін барлық жайлы жағдайларды жасайды;

 университет түлектерінің жұмысқа орналасуына көмектесу мақсатында:

  • университет түлектеріне еңбек нарығының сұранысын сараптайды;
  • университет мамандықтары бойынша жұмыс беруші мекемелер мен бос орындардың деректер қорын қалыптастырады;
  • жұмысқа орналасу мәселесі бойынша түлектерге ақпараттық және кеңестік қолдау жасауды ұйымдастырады;
  • жастарды жұмыспен қамту және ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыруға көмектесетін орталықтармен, жұмыс берушілердің бірлестіктерімен, түлектер ассоциациясымен жастардың қоғамдық ұйымдарымен, білім беру ұйымдарымен және мекемелермен байланыста болады.

 ЖОО-ның жағымды имиджін дәріптеу және қолдау мақсатында:

  • университет пен жұмыс беруші мекеме арасындағы өзара тиімді байланыстардың нығаюын қамтамасыз етеді;
  • талапкерлерді қатыстыра отырып университеттің имдждік және ойын-сауық шараларын өткізеді; бұқаралық іс-шаралар: бос орын жәрмеңкесі, мекемелер мен ұйымдардың карьера-тұсаукесер күндері;
  • университетті дәріптеу бағытында бұқаралық ақпарат құралдарымен (радио, теледидар, баспа орындары) жұмыс істейді; жарнама жасаудың (онлайн-таратпа, әлеуметтік желі, т.б. қоса) барлық түрін пайдаланады.

Талапкерлерді кәсіптік бағдарлау және ЖОО дейінгі даярлау бойынша кешенді қызмет, жастардың кәсіп таңдауына көмек беру, түлектердің кәсіби қалыптасуы мен жұмысқа орналасуына қолғабыс жасау

  • Әзірленген жоспарға сәйкес құрылымдық бөлімдердің, кафедралар мен факультеттердің кәсіптік бағдар беру және түлектерді жұмысқа орналастыру үдерісіне қолғабыс жасау қызметін үйлестіру;
  • Білім беру нарығындағы университеттің имиджін ілгерілету жұмыстарын ұйымдастыру, университеттегі бар мамандықтарға талапкерлерді тарту үшін жоғары оқу орнына дейінгі даярлаудың тартымды ортасын (қауымдастығын) жасау;
  • Аймақтарға түрлі форматтағы (Mobile univer, выезды в городские и районные школы, студенттер арқылы ақпарат тарату, педагогикалық практика кезіндегі студенттердің жұмысы, БАҚ) кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру;
  • Талапкерлерді сапалы даярлау және олардың ЖОО-на кепілді түрде түсуі үшін қажетті жағдайларды жасау; ЖОО-на түсу емтихандарын тапсыратын пәндерден сапалы дайындық жүргізуді қамтамасыз ету және тестілеу өткізу.
  • Тестілеу өткізу үдерісін технологиялық дұрыс ұйымдастыру және жүзеге асыру; талапкерлерді университеттің Тестілеу бөлімінде өткізілетін компьютерлік тестілеуге тарту; онлайн түріндегі тестілеулер өткізу;
  • Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің имиджін көтеру мақсатында талапкерлер арасында жастар қауымдастығын құру, оған барынша көп оқушыны тарту және олардың университетке қызығушылығын тудыру;
  • Кәсіптік бағдар беру шараларын арнайы қормен (кәсіптік бағдарлауды ұйымдастыру туралы ұсыныстар әзірлеу, кәсіптік бағдарлау материалдарын шығарудың тұтас жоспарын қабылдау, кәсіптік бағдар беру және т.б. жұмыстарға қатысуды уәждеу жүйесін қалыптастыру) қамтамасыз етуді жетілдіру;
  • Кәсіптік бағдар беру, түлектерді жұмысқа орналастыру және университетті дәріптеу қызметінде бұқаралық ақпарат құралдарымен (радио, теледидар, баспа орындары) жұмыс істеу; жарнамалаудың барлық түрін, оның ішінде онлайн – таратпа, әлеуметтік желілер, ақпараттық стенділер, университет сайты, «Студент әлемі» университет газетін, т.б. қоса пайдалану;
  • Университеттің мекемелермен, ұйымдармен ынтымақтастығын, серіктестік қарым-қатынасын дамыту, мектептермен, басқа да білім беру ұйымдарымен байланысын нығайту, EDTECH халықаралық білім беру орталығымен бірлесе жұмыс істеу.
  • Жергілікті билік органдарымен, оның ішінде еңбек нарығындағы жағдайдың жақсаруына мүдделі жұртты жұмыспен қамту мемлекеттік қызметі аумақтық органдарымен, қоғамдық ұйымдар және бірлестіктермен өзара қарым-қатынаста болу;
  • Жұмыс берушілер ұсынған тиісті мамандықтар бойынша бос орындардың дерекқорын қалыптастыру;
  • Еңбек нарығының жағдайы мен ондағы беталыстар, жас маманға қойылатын талаптар туралы ақпараттарды жинау, сараптау, талдау және студенттерге беру;
  • Карьера жасау және жұмысқа орналасуды жоспарлау мәселесі бойынша бітіруші курс студенттеріне кеңестер беру, жұмысқа орналасу, түйіндеме жасау кезінде өзін тиімді ұсынудың әдістерін үйрету.
  • Түлектердің жұмысқа орналасуын және олардың карьералық өсуіне қатысты нәтижелерді бітірушінің электронды дерекқорында көрсету арқылы жүйелі мотиторингілеуді қамтамасыз ету;
  • Түлектерді орналастыру рәсімін ұйымдастыру (дербес орналастыру);
  • Талапкерлдерді қатыстыра отырып университеттің имдждік және ойын-сауық шараларын өткізеді; түлектерді жұмысқа орналастыруды қолдау бағытындағы бұқаралық іс-шаралар: бос орын жәрмеңкесі, мекемелер мен ұйымдардың карьера-тұсаукесер күндері.

Талапкерлерді рекрутингілеу және түлектерді жұмысқа орналастыру орталығының қызметі төмендегі нормативтік құжаттармен реттеледі:

  • Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы;
  • Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдар аралығында білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы;
  • ШЖҚ «Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті» РМК-ның жарғысы;
  • Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің сапа саласындағы саясаты;
  • «Құрылымдық бөлімдер туралы ереже. Жалпы талаптар» университет стандарты;
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, басқа да жоғарғы ұйымдардың нормативтік, ұйымдастыру және өкімдік құжаттары;
  • Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің нормативтік және өкімдік құжаттары;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Білім беру гранттарын тағайындау ережесін бекіту туралы» (2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58) қаулысы;
  • Педагогикалық, медициналық және ветеринарлық мамандықтар бойынша бөлінген квотамен ауыл жастары арасынан оқуға түскен азаматтарды, сондай-ақ педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысымен білім алған азаматтарды жұмысқа жолдау,  оларға өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, міндетінен босату және еңбекпен өтеу міндетін тоқтату ережесі… (2012 жылғы 30 наурыздағы № 390).
  1. Жаңа оқу жылында 2000 талапкер қабылдауды қамтамасыз ету.
  2. Оқуды аяқталғаннан кейінгі бір жылда университет түлектерінің 87% -ын жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету.
  3. Мемлекеттік тілде білім алған университет түлектерінің 80%-ын жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету.
  4. Ауыл квотасы бойынша оқыған университет түлектерінің 100%-ын жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету.