БАЙЛАНЫСТАР

Телефон: +7 (7222) 8(7222)353526
Кабинет: 5

Медициналық орталық  университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Басты  міндеті  университет қызметкерлері  мен студенттеріне аурудың   алдын –алу және сауықтыру  шараларын ұйымдастыру  болып  табылады.

Медицина  қызметі  өз алдына мынадай  мақсат  қояды;

- Салауаттылық өмір  салтын қалыптастыру :  шылым  шегудің, ішімдік  ішудің, нашақорлықтың, токсикоманияның, ЖҚТБ-ның алдын –алу.

- Вирустық  инфекциялардың, ішек инфекциясының, кәзіргі кезде өзекті  мәселеге айналып  отырған  туберкулез ауруларының алдын- алу шараларын ұйымдастыру;

- Сынық- жарақаттың алдын –алу;

Қатерлі ісік  ауруларына, жыныстық қатынас арқылы берілетін ауруларға қарсы іс-шаралар ұйымдастыру.

Медициналық орталық  университеттің  бірінші проректорына тікелей бағынады.


Бөлімше  басшысы – медицина  орталығының директоры МО жұмысын ұйымдастырады, аурудың алдын- алумен  байланысты  іс- шараларды жоспарлайды, медициналық  жәрдем  беруді  жетілдіру  бойынша  ұсыныстар береді, медицина қызметкерлерінің жұмысқа  шығуын табельге түсіреді, медицина  қызметінің  әрекетіне жауапкершілікте    болады.

Университет  профессор-оқытушылар құрамы  мен  студенттерге өздігінен өтініш  жасаған жағдайда  алғашқы  медициналық жәрдем  көрсетіледі. Оқу ғимараттарында, жатақханада, cпорткешенінде, буфеттерде санитарлық- гигиеналық бақылаулар жүргізеді.

Жасөспірімдер және студенттер емханасымен бірлесе  отырып,  студенттер  арасында  профилактикалық  және  флюорографиялық  тексерулер ұйымдастырады.

Медбибі  дәрігердің берген нұсқауларын орындайды,  ай сайын  №277/236 бұйрықтар бойынша  қышымаға  қарсы студенттер арасында тексерулер жүргізеді, санитарлық- ағарту  жұмыстарын (дәрістер, әңгімелесулер  өткізіп, денсаулық бұрышын ұйымдастырып,  санбюллетеньдер шығарады), медициналық қызметтер көрсетеді ( егу жұмыстары,  қан қысымын өлшеп, антропометриялық өлшеулер жүргізеді).

Дене шынықтыру мен спортпен шұғылданатын үшін бақылау жасайды, бассейнге баратындарды медициналық тексеруден  өткізеді, хлормен жұмыс істеуді, бассейіндегі күрделі тазартудың жүруін қадағалайды.

Университет  жанында үш медициналық пункт жұмыс істейді. Олар; университеттің №8 оқу  ғимаратында, спорт кешенінде және жатақханада орналасқан.

Бөлімше құрамында бір  жоғары білімді дәрігер, екі медбике бар.


Медицина  орталығы өзінің қызметінде келесі құжаттарды  басшылыққа алады:



  • Қазақстан  Республикасының  Конституциясы.

  • «Денсаулық  сақтау туралы »  Қазақстан Республикасының заңы.

  • Қазақстан Республикасы денсаулық сақтауды дамытудың 2005-2006 жылдарға арналған  мемлекеттік бағдарламасы  және бұйрықтары;

  • 23 қазан 2003 жылғы №781 бұйрық «Орта, кәсіби жоғары білім мекемелерінің   жеткіншектерге, оқушылар мен студенттерге медициналық  көмек беруді ұйымдастырудың   ережесі »

  • 27 желтоқсан 2002 жылғы №853 бұйрық «Аурудың  жеке категориясына  байланысты сырқаттың алдын-  алу және динамикалық медициналық  бақылау  туралы»

  •  25 тамыз 1992 жылғы  №403/361 бұйрық  «Жоғары және орта арнаулы оқу  орындары студенттеріне  дәрігерлік - санитарлық  көмек  беру,  тұрғын үй – тұрмыстық жағдайларын жақсарту  жөніндегі іс- шаралар туралы» және  сондай-ақ Шығыс  Қазақстан облысы Семей қаласындағы  емдеу- сауықтыру  мекемелерінің бұйрықтары.

  • Университет жарғысы

  •  Ректордың  бұйрықтары, проректордың өкімдері.