Бөлім басшысы: Карибаев Максат Серикович
БАЙЛАНЫСТАР

Телефон: +7 (7222) 31-51-46
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы 071400, Cемей қаласы, Глинка көшесі 20а
Кабинет: 410

Біліктілігі жоғары мамандарды даярлау, білімді және тұлғалық даму – бұл кешенді үрдіс, осының ішінде маңызды орынды тәрбие алады, студенттерді инллектуалдық, ұйымдастырушылық және мәдени негізде дамытуға бағытталған. Оқыту мен тәрбиелеуді оқу үрдісінде бөліп қарастыруға болмайды, Әбу-Насыр Әл-Фараби айтпақшы: «Тәрбиесіз берілген –білім, білім емес». Университеттің оқу процесіндегі тәрбие беруі әлемге деген көзқарасын дамытып, мінез-құлқын, өзіндік пікірін ашық айтуға қалыптастырады.

Университеттегі тәрбие беру мына сызба бойынша құрылған: ректорат – жастар саясаты және тәрбие беру бөлімі – деканаттар – кафедралар – кураторлар – жастардың қоғамдық ұйымы – студенттік өзін-өзі басқару.

Тәрбие бөлімінің бұл құрылымы Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің оқу-тәрбие процесіндегі бірден-бір негізгі элементтерінің бірі, ол тұлғалық қалыптасуды қамтамасыздандырады.

Университет ректораты тәрбие жұмысына көп көңіл бөледі. Осы бағыттағы сұрақтар университет Кеңесінде қарастырылып отырады, яғни бұл университетімізде ҚР заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауын, Білім және Ғылым Министрлігінің нормативтік-құқықтық актілерін және жастар саясатының, ғылымның, мәденитеттің және ғылыми-техникалық революцияда сапалы түрде орындалуын қамтамасыз етеді.

Тәрбие бөлімі жұмысының миссиясы – барлық жағдайды жасай отырып дамуға, өзін –өзі дамытуға және әлеуметтік тұрғыда студентті Қазақстан Республикасының азаматтары мен азаматшаларын, елінің патриоты ретінде интеллектуалдық және қоғамдық, профессионалдық тұрғыда қоғамдық жұмыстарға белсене қатысуға бағыт-бағдар беру.

Тәрбие және жастар саясаты бөлімінің міндеттері:

  • Университетте және факультеттерде тәрбие жұмысы бойынша ағымдағы жоспарға сай іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
  • Коғамдық ұйымдардың, студенттік бірлестіктердің, студенттік өзін-өзі басқару ұйымының  жұмысын бақылау;
  • Университет факультеттерінде атқарылатын шараларға анализ және мониторинг жасау;
  • ҚР білім беру саласындағы жаңартуларға сәйкес, университеттің тәрбие жұмысын жаңа сатыға көтеру.

Негізгі қызмет түрлері:

  • Университеттің тәрбие жұмысының ұйымдастырушылық-әдістемелік бағыты бойынша қажет құжаттарды даярлау;
  • Студенттерге әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру;
  • Университеттің кураторлар Кеңесінің жұмысын қадағалау;
  • Студенттік ортада құқықбұзушылыққа байланысты факультеттер жұмысын қадағалау;
  • Басқа қала, аудан студенттерінің жатақханаға орналастырылу мәселесін бақылау;
  • Оқудан тыс уақытта әр түрлі мерекелер, экскурсиялар,студенттердің мұрындық болуымен іске асатын шараларды ұйымдастыру;
  •  Оқу орнындағы тәрбие ісі және жастар саясаты жұмыстарының нәтижесі бойынша ақпараттарды, баяндамаларды  дайындау (ҚР Білім және ғылым министрлігіне, Ғылыми кеңеске, ректоратқа, ректорға).

Тәрбие ісі және жастар саясаты бөлімі ҚР Үкіметінің 29.06.2012 ж. бекіткен өкіміне байланысты,  барлық білім беру ұйымдарының  тәрбие ісі жұмысын күшейту жайлы типтік кешендік жоспарға сай,  10 бағыт бойынша  тәрбие жұмыстарын жүзеге асырады.

  • Патриоттық тәрбие
  • Отбасылық тәрбие
  • Рухани-адамгершілік тәрбиесі
  • Саяси және құқықтық мәдениеттік тәрбие
  • Көшбасшы қасеттерін тәрбиелеу
  • Экология және еңбек тәрбиесі
  • Көпмәдениетті тәрбие
  • Зиаткерлік тәрбие
  • Салуатты өмір салтын тәрбиелеу
  • Дін тәрбиесі
  • Қазақстан Республикасының Конституциясы:
  • Қазақстан Республикасының «Білім» туралы заңы;
  • Қазақстан Республикасының «Ғылым» туралы заңы;
  • Қазақстан Республикасының «ҚР Тілдер» туралы заңы;
  • Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білімді дамыту туралы мемлекеттік бағдарламасы;
  • Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің сапа облысы бойынша саясаты