Бөлім басшысы: Оралханова Индира Адылкановна
БАЙЛАНЫСТАР

Телефон: +7 (7222) 36-02-07
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы 071400, Cемей қаласы, Глинка көшесі 20а
Кабинет: 406
E-mail: Indir.85@mail.ru

Тіркеу офисі – білім алушылардың оқу барысында қол жеткізген жетістіктерінің тарихын тіркейтін және білімді бақылаудың барлық түрін ұйымдастыратын, академиялық рейтингті есепке алуды қамтамасыз ететін академиялық қызмет көрсету орны.

Университеттің білім беру қызметін жүргізу мақсатында оқу үдерісін ілгерлетуде әрбір білім алушылармен жекелей жұмыс жүргізу; білім алушылардың барлық оқу жетістіктерінің ағымын тіркеу сапасын жоғарлату; бәсекеге қабілетті кадрлар дайындауда қоғамның және мемлекеттің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған білім алушылардың білімдерін ашық бақылауды жоспарлау және өткізуді ұйымдастыру.

  • білім алушылардың жеке оқу жоспарын қалыптастыруды ұйымдастыру және мамандықтардың жұмыс оқу жоспарларын орындалуын бақылау;
  • білім алушылардың барлық оқу кезеңіндегі оқу жетістіктерінің ағымын тіркеу және есепке алу;
  • білім алушылардың үлгерімінің ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестацияларды, академиялық рейтингін есептеуді (GPA жылдық көшіру) ұйымдастыру және өткізу;
  • қосымша оқу қажеттіліктерді қанағаттандыру, академиялық қарыздарды немесе оқу бағдарламасындағы айырмашылықтарды жою үшін жазғы семестрді ұйымдастыру;
  • білім алушы үшін қажет ақпараттармен қамтамасыздандыру және басқару: білім алушылардың академиялық үлгерімдеріндегі жазбаларды сақтау (жиынтық ведомостар, транскрипттар), жинақталған бағалар және кредиттер туралы ақпараттарды басқару;
  • академиялық күнтізбенің уақытылы құру және орындалуын бақылау;
  • эдвайзерлердің жұмыстарына жетекшілік және үйлестіру;
  • мамандықтардың білім беру бағдарламаларымен және жұмыс оқу жоспарларымен сәйкес пәндерге тіркеуді және қайта тіркеуді ұйымдастыру және жасау.
  • білім беру траекторияларын таңдау негізінде бірінші курс білім алушыларын 100% тіркеу;
  • білім алушылардың білімдерін аралық бақылау жүргізу үдерісін жүзеге асыру:
    • 1 курс білім алушылары үшін бақылау формалары 50+25+25 (компьютерлік тестілеу, ауызша және жазбаша бақылау түрлері) формуласына сәйкес болуы қажет;
    • 2 курс білім алушылары үшін бақылау формалары 40+30+30 (компьютерлік тестілеу, ауызша және жазбаша бақылау түрлері) формуласына сәйкес болуы қажет;
    • 3, 4, 5 курс білім алушылары үшін бақылау формалары 50+50 (ауызша, жазбаша немесе аралас (тест+ауызша) формуласына сәйкес болуы қажет;
  • білім алушылардың білімін межелік және аралық бақылау барысында ашықтық және академиялық адалдықты қамтамасыз ету;
  • магистратураға және PhD докторантураға түсу емтихандарының өтілу технологиясын жетілдіру;
  • қосымша оқу түрлерінде қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін жазғы семестрді ұйымдастыру және академиялық қарыздарды немесе оқу бағдарламасындағы айырмашылықтарды жою;
  • эдвайзерлер қызметінің жұмысын дамыту.