Бөлім басшысы: Тулебаева Найля Мухановна
БАЙЛАНЫСТАР

Телефон: +7 (7222) 30-41-76
Мекен жайы: Қазақстан республикасы 071400, Cемей қаласы, Танибергенов көш. 1
Кабинет: 106
E-mail: int.of.ssus@gmail.com

Халықаралық ынтымақтастық бөлімі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университетінің құрылымдық бөлімі болып табылады.

Бөлімнің негізгі мақсаты – ҚР және шет елдік білім нарығында Университет сапасын және басекеге қабілеттілігін жоғарылату мақсатында білім саласындағы халықаралық тәжірибені зерделеу және оны Университеттің білім бағдарламаларына енгізу; шет елдің жетекші ЖООмен жасалған Меморандумдар шеңберінде «Бакалавриат 2+2» қосдипломдық бағдарламасы, студент және оқытушалар алмасу бағдарлмалары арқылы университеттің білім беру бағдарламаларын интернационализациялау; қосымша білім беру бағдарламаларын және Жазғы мектеп бағдарламарын жүзеге асыру; Бірлескен халықаралық экспедициялар, практика және смеинарлар ұйымдастыру; Университетте көптілділік бағдарламасын жүзеге асыруда, халықаралық Эразмус+ және басқа да бағдарламаларға қатысуда  жәрдемдесу; Университетте Болон процессінің негізгі ережелерін іске асыруда жәрдемдесу; Білім беру бағдарламаларын интернационализациялау және Жоғарғы білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық арқылы Университеттің үлттық және халықаралық аренадағы беделін жоғарылату саласында жұмыс жасау.

ҚР және шет елдік білім нарығында Университет сапасын және басекеге қабілеттілігін жоғарылату мақсатында білім саласындағы халықаралық тәжірибені зерделеу және оны Университеттің білім бағдарламаларына және ғылыми-тәжірибелік процесстеріне енгізу

  • Білім беру бағдарламаларын, оның мазмұнын және технологияларын жүзеге асырудағы ынтымақтастық;
  • Оқытушылар және студент алмасу процесстерін дамыту, жергілікті және етелдік ұйымдардың, ХБО «Болашақ» гранттары, Еуроодақтың Эразмус + КА1/КА2 жобалары арқылы оқытушылардың және студенттердің ұтқырлығын дамыту;
  • Университеттің шетелдік серіктес ЖООғы құрылымдық бөлім менеджерлері және ғылыми-тәжірибе кадрларымен қарым-қатынасын нығайту

Өз қызметінде Халықаралық қатынастар бөлімі келесі нормативтік құжаттарды басшылыққа алады:

  • Қолданыстағы заңнаманы және білім беру саласындағы басқа да ҚР нормативтік құқықтық актілерді;
  • Университет жарғысын;
  • Сапа саласындағы университет саясатын;
  • 9000 сериясындағы халықаралық ISO стандардтарын;
  • Ректордың бүйрықтары және өкімдерін;
  • Университеттің Сапа бақылау менеджменті құжаттарын;
  • Білім беру саласындағы ҚР БжҒМ және үкіметтік стратегиляқ құжаттарды;
  • Болон процессінің негіздерін;
  • Университеттің Халықаралық қатынас концепциясын;
  • Халыхаралық қатынас бөлімінің ережесін және құрылымдық бөлімнің лауазымдық нұсқаулықтарын.


  1. Университеттің халықаралық ынтымақтастығының сапасын және тиімділігін әрдайым дамыту, және оның әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялау;
  2. Шетелдік университеттермен қосдипломдық бағдарламалар санын бакалавриат -7, магистраутра – 3 ке дейін жеткізу;
  3. Университеттің
    -Эразмус+ КА1 студенттердің және оқытушылар мен қызметкерлердің ұтқырлығы жобасы бойынша серіктестер санын –  5-ке дейін жеткізу;
    -өзге халықаралық ұймдармен – 1
  1. Шетелдік елшіліктермен және халықаралық қорлардың өкілдіктермен келісім санын – 5ке жеткізу:
    • Вебинарлар, онлайн-тренингтер, ашық ресурстармен жұмыс жасау;
    • Көптілділік бағдарламасын дамыту мақсатында шетелдік тьютерлер мен эдвайзерларды тарту.
  2. Шетелдік серіктес университеттермен жасалған келісім шеңберінде жұмыстарды ұлғайту: студент алмасу және қосдипломдық бағдарламалар үшін бакалавриат және магистратура мамандықтарын ұлғайту;
  3. Академиялық ұтқырлық, шетелдік мамандарды шақыру, онлайн кездесулер ұйымдастыру сұрақтарында бөлімнің кафедралар және деканаттармен жұмысын модернизациялау;
  4. Студенттер, оқытушылар және қызметкерлердің халықаралық білім алу мүмкіндіктерін ұлғайту мақсатында «Болашақ» ХБО, Британдық Кеңес, ҚР-ғы шетелдік елшіліктермен белсенді жұмыс жасау.