Университетішілік білім беру сапасын қамтамасыз ету жүйесін әзірлеу

Ким Валерий     19 Sep,2017        

2017 жылдың 18 қыркүйегінде Академиялық мәселелер департаменті университетті реаккредиттеуден қайта өтуіне дайындау үшін және тәуелсіз сараптамалық агенттігінің білім беру бағдарламаларын дайындау үшін «Университетішілік білім беру сапасын қамтамасыз ету жүйесін әзірлеу» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

Жоғары білім беру мекемелерінің бағдарламалық аккредиттеуден  өтуі бойынша дайындығын ұйымдастыру және өткізу, үлкен жоғары тәжірибесі бар НААР сарапшысы- Турткараева Гүлнар Баянқызы лектор ретінде сөз сөйледі.

Семинарға құрылымдық бөлімшелердің басшылары, декандар, кафедра меңгерушілері,  оқытушылар қатысты.

Семинар тыңдаушыларына білім беру бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеуден өткізу және білім беру ұйымының негізгі талаптары бойынша презентация көрсетілді. Сондай-ақ, білім беру бағдарламалары бойынша НААР бекітілген стандарттарына негізделген өзін-өзі бағалаудың есебін беру үшін семинар қатысушылары нұсқаулықпен таныстырылды.

Семинар нәтижесінде барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.  Семинар-тренингте қарастырылған барлық материалдар университеттің электронды құжат айналымы бойынша барлық кафедраларға таратылды.