Университетте «Қазақстан Республикасы Жоғары мектебінің мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру механизмі мен жұмысының мониторингісі» талқыланды

Пресс-служба     16 Oct,2018        

Шәкәрім университетінде Қазақстан Республикасы Жоғары мектебінің мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру механизмі мен жұмысының мониторингі мәселесі бойынша кеңейтілген кеңес өтті.

Кеңестің модераторы оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор м.а. Марат Орынтайұлы Абдикаримов болды.

Іс-шараға факультет декандары, кафедра меңгерушілері және бөлім басшылары  қатысты. Шәкәрім университетінің ҚР ҰКП «Атамекен» өткізген 33 білім беру бағдарламаларының рейтинг нәтижелерін талдау және ұсыныстар туралы Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Сауле Тулеугалиева баяндады.

    «Барлық қатысушыларды уақыт тауып, Атамекен сайтымен танысуға шақырамын, онда бізді саралайтын ашық әдістемесі толығымен ұсынылған. Жақында біздің елдің кезекті Президент Жолдауының тыңдаушылары болдық, ондағы өзінің екінші бөлімінде қазірде университет табыстылығының  негізгі бағалаудың критерийлері ол оқуды бітіргеннен кейінгі түлектерді жұмысқа орналасуы, жоғары ақы төленетін жұмыс орындарында жұмыс істеу деп баса айтқанын Сіздер білесіздер. Міне, негізгі мәселе – бұл білім берудің сапасы, бұл жұмысқа орналасу және бүгінгі күні түлектің пікірі бірінші кезекте», – дейді Сауле Тулеугалиева.

    Академиялық мәселелер жөніндегі директор елдегі жоғары оқу орындарының статистикасына қысқаша тоқталды. Сонымен, ағымдағы жылдың шілде-қыркүйек айларында Шәкәрім университеті 33 білім беру бағдарламасының рейтингіне қатысты. Сауле Тулеугалиеваның айтуынша, біздің университетіміз еліміздің басқа университеттерінің тізімінде ортасында орналасқан.

Кездесу барысында «Серпін» оқу бағдарламасын аяқтаған түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша талапкерлерді рекрутингілеу және түлектерді жұмысқа орналастыру орталығының басшысы О.Т.Солтанбекова, «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының құрылымы бойынша  «Мәңгілік Ел» кафедрасының меңгерушісі м.а. Б.С. Оралбекова және Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Г.Т.Молжигитова, сондай-ақ орта білімнің мазмұнын жаңартуды жүзеге асыру шеңберінде Педагогикалық институттың әдістемелік жұмысының тұжырымдамасын Педагогикалық институт директорының орынбасары Г.С.Сапарова баяндады.