Университеттің академиялық дербестігі кеңейтілуі жағдайындағы білім беру қызметі

Пресс-служба     16 Jan,2019        

2019 жылдың 11 қаңтарында Академиялық мәселелер жөніндегі департаментімен «Университеттің академиялық дербестігі  кеңейтілуі жағдайындағы білім беру қызметі» университеттік әдістемелік семинар өтті. Семинардың қатысушылары Академиялық комитеттердің жетекшілері (факультет декандары), білім беру бағдарламалары топтарының жетекшілері (кафедра меңгерушілері) және академиялық комитеттердің мүшелері (білім беру бағдарламаларын әзірлеушілер, КЭД, РУП және т.б.).

Семинардың модераторы, оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор м.а.  Ж.Т. Мукаев «Қазақстандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамыту үшін жол картасының индикативті көрсеткіштері» тақырыбында баяндама жасады. Семинарға қатысушылар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы стратегиялық көрсеткіштермен танысты. Педагогикалық институттың директоры У.Б. Тлемисов білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары (бұйрық ҚР БжҒМ №634 16 қарашадан 2018 ж.) туралы айтты.

АМЖД-ның оқу үдерісін жоспарлау және қолдау бөлімінің жетекшісі А.Н. Нургазезова оқытудың кредиттік технологиясының жаңартылған қағидалары бойынша білім беру үдерісін жоспарлауды ұйымдастырудың ерекшеліктерімен таныстырды. АМЖД-ның тіркеу офисінің жетекшісі  Р.С. Бекбаева ҚР БжҒМ-нің жаңартылған нормативтік-құқықтық актілерінің аясында білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидалары туралы ақпаратты ұсынды.

Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры С.С. Тулеугалиева «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының жаңа сыныптауышы жағдайында білім беру бағдарламаларын әзірлеу» тақырыбында Шәкәрім университетінде білім беру бағдарламаларын бекіту тәртібі және әзірлеу ерекшеліктері туралы баяндады.

Семинар қорытындысы бойынша ҚР БжҒМ-нің жаңа нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес университеттің оқу үдерісін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар әзірленді.