Шәкәрім Университетінің қабылдау комиссиясының мекен-жайы: Семей қаласы, Глинки көшесі, 20а. Анықтама телефоны: +7 (7222) 31-87-79

ҮШ МЫҢ САРБАЗ ШЫРҚАҒАН ӘН авторы біздің университеттің түлегі

Асем Утешева     04 Jun,2018        

Жуырда Жамбыл облысының «Отар»  әскери базасында Елбасының қатысуымен өткен әскери шеруде  «Мен қазақпын» әнін бір мезетте 3 мың сарбаз орындады.

Осы әннің сөзін жазған Шәкәрім университетінің түлегі, белгілі айтыскер ақын Нұржан Өмірбай. Аз ғана уақыт ішінде хитқа айналған әннің  сазын жазған жас композитор Жарасқан Төлеубай. Ән бүгінде  жас әнші Қуандық Рақымның  орындауында көпшілікке кеңінен танылып отыр.

Нұржан бір сұхбатында: «Біздің бала кезімізде Тарбағатай ауданында айтыс жиі өтіп тұратын. Мектеп оқушыларының айтысы да ұйымдастырылатын. Ауданда өтетін жыр додасына әр ауылдан барады. Бірде кезекті бір  айтысқа мұғалімім әдебиетке  бейімі бар деп мені  ұсынды. Ақын апайым айтыста айтатын өлеңдерді  өзі  жазып берді. Айтыс басталды.  Мен дайын тексті   лек-легімен жіберіп отырмын. Бір кезде қарсылас қыз түріме тиісе бастады. Қызып кеткен мен дереу сол арада жауап бердім.  Осы сәттен бастап  айтыс өнеріне бейімділігімді байқаған  ұстаздарым мені аудан көлемінде өтетін  сайыстарға жиі   қатыстыра  бастады. Мен  5 сыныптан бері айтыстың ауылында жүрмін» – дейді.

Университет қабырғасында жүрген  кезінде талантты студенттің «Тастүлек» атты тұңғыш жыр жинағы жарық  көрген еді.

Шәкәрім университетінде журналистика мамандығы бойынша білім алған Нұржан Өмірбай қазіргі кезеңде мұнайлы өлкедегі  «Атырау»  телеарнасының редакторы.