«Үш тілде білім беру»

Пресс-служба     10 Oct,2018        

2018 жылдың 6 қазанында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын, «Үш тілде білім беру» бағдарламасын іске асыру аясында Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті, филологиялық пәндер кафедрасының «Көптілділік жобасы» негізінде қазақ, ағылшын, орыс тілдерін жетік меңгерген жастар арасында «Тілдарын» қалалық олимпиадасы өтті.

Оған 10 оқу орнынан 30 студент қатысты. Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті тіл кафедраларының оқытушыларымен бірге олимпиадаға қатысу үшін студенттерді іріктеу бойынша алдын-ала жұмыс жүргізілді. Шәкәрім университетінің атынан бірінші курс студенттері Сматулла Рауан («Биотехнология» мамандығы), Сидоренко Стефания («Химия-биология» мамандығы) және Асанова Нұрай («Жылуэнергетика» мамандығы) қатысты.

Олимпиада екі кезеңде өтті. 1-кезеңде  «Жас аудармашы» 10 тексттен тұратын мәтінге ілеспе 2 тілде аударма жасау. 2-кезеңде «Тіл шебері» ораторлық қабілеті мен көпшілік алдында сөйлеу өнерін айқындауға арналған затты 3 тілде жарнамалау тапсырмасы берілді. Әділ-қазылар алқасы тіл орталығынының мамандары үміткерлерді бағалау кезінде тілдерді меңгеру деңгейіне, жауаптың мазмұндылығы мен ерекшелігіне, ойды жеткізе білу шеберлігі мен сөйлеу мәдениетіне баса назар аударды.

Олимпиада нәтижесінде Сматулла Рауан ІІІ орынға ие болды. Сидоренко Стефания мен Асанова Нұрай Алғыс хаттармен марапатталды. Біздің жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!