Ұстаз мерейін өсірген Жолдау

Пресс-служба     06 Oct,2018        

5-қазан Ақорда төрінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Қазақстан тұрғындарының әл-ауқатының артуын басты назарға алған жаңа үндеу тұрмыс пен табыс сапасын арттыру мақсаттарын айқындап берді. Шәкәрім университетінің 5 кампусында профессорлық-оқытушылық құрам мен студенттерден құралған 2000-нан аса адам Жолдауды арнайы лэд экран арқылы көріп,ынта қойып тыңдады. Ұстаздар күні мерекесіне тұспа-тұс келген биылғы Жолдау педагог мамандарға  тосын сый болғандай. Келесі жылдан бастап Мұғалім мәртебесі деген жаңа заң қабылдауды тапсырамын деген Елбасы сөзі білім беру саласы мамандары үшін көптен күткен қуаныш еді. Айта кетейік, бұдан тура бір ай бұрын университетімізде «Рухани жаңғыру» орталығы өз жұмысын бастаған болатын. Орталық жұмысының негізгі бағыттарының бірі ұстаздармен тығыз байланыс орнатып, жаңа идеяларға жол ашу. Бүгін таңертеңнен Елбасы Жолдауы барысында орталыққа келген тыңдаушылар саны да аз болмады.

 

Арап Еспенбетов, ф.ғ.д., профессор: Елбасы айтқан білім сапасы әрдайым біздің назарымызда. Бұл Жолдаудан кейін сапа мәселесі жаңа міндеттер жүктейді. Бәсеке заманында жақсының, үздіктердің алға шығып, заман талабына сай емес орындардың мәреге жете алмауы заңдылық. Білім беру саласына қатысты тың ойлар мен реформалар, әрбір Қазақстандықтың бақуатты өмір сүруіне мүмкіндік беріп, ерекше серпіліс әкелетініне сенімдімін.

Зарина Оралқызы, Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2-курс студенті: 2019 жылы Жастар жылы болып белгіленгеніне қуанып тұрмын. Президентіміз жастарға зор үмітпен қарайды. Мен әр Жолдауды мотивация, қозғаушы күш ретінде ұғынамын. Біздің бүгінгі таңдағы жетістіктеріміз де сол жолдаудаың нәтижелілігі арқасында деп білемін. Ми жұмысы, жаңадан ойлап табу қарқындап тұрған заманда бай да әлеуетті өмір сүруге мүмкіндік көп. Оның басты факторы – әрине білім.