Үздік студент – 2017

Асем Утешева     28 Nov,2017        

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар факультетінің, «Құрылыс» мамандығының 4 курс студенті Төлеуқадыров Ерасыл «Elite» Кадрлық Холдингі өткізген республикалық конкурстың қорытындысы бойынша «Үздік студент — 2017» номинациясының жеңімпазы атанды.

         Жыл сайын өткізілетін «Үздік студенттер» конкурсы аясында «Менің алғашқы жұмыс орным» атты жобасына түрлі елдерден, сондай-ақ таяу шет елдерден студенттер қатысты. Байқауға қатысушылардың эссесі ұлттық және халықаралық компаниялардың кәсіби жетекшілері тарапынан бағаланды. Сондай-ақ, студенттердің оқудағы үлгерімі, спорттық және қоғамдық шараларға белсенділік таныта білуі де ескерілді.

         Конкурс финалистері – бұл еліміздің алтын кадр резервтері, болашақ мамандар мен кәсіпқойлар, өздерінің ынтасымен және табандылықтарымен түрлі салаларда мансап және бизнес қызметтерін дамытатын тұлғалар болып табылады. 2017 жылдың 26 қазанында Алматы қаласында жобаның соңғы кезеңі «Дарындылар Жәрмеңкесі» өткізілді. Аталған шара түлектерді және жас мамандарды жұмысқа орналастыруға бағытталды.

         Ерасылды бұл жеңісімен шың жүректен құттықтаймыз! Университет қабырғасында алған білімі келешекте бұдан да биік жетістіктерге жетелейді деген сенімдеміз!