Хабарландыру

Пресс-служба     02 Jul,2018        

2017-2018 оқу жылының күзгі семестріне Қазақстан Республикасының Президентімен бекітілген Шәкіртақыны тағайындау бойынша конкурс жарияланады.

 

  1. Қазақстан Республикасының Президентімен бекітілген Шәкіртақы бағытталады:
  • студенттердің ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыруға;
  • ең талантты және дарынды студенттерді қолдауға;
  • зияткерлік әлеуетті қалыптастыруға жәрдемдесуге;

 

  1. Шәкіртақы мемлекеттік білім беру тапсырысының негізіндегі және ақылы негізде күндізгі бөлімдегі 3 курстан бастап «өте жақсы» (А, А-) ғана оқитын студенттері мен оқудың екінші жылынан бастап оқитын магистранттарға беріледі.

 

  1. Стипендия білім алушылардың келесі санаттарына беріледі:

1) республикалық және халықаралық олимпиадалардың, шығармашылық байқаулардың, спорт жарыстарының, фестивальдердің немесе жаңалық, өнертабыстың авторлары болып табылатын жеңімпаздарға;

2) республикалық және халықаралық ғылыми журналдарда, ғылыми жұмыстар жинақтарындағы жарияланым иелеріне;

3) жетістіктері дипломдармен, сертификаттармен, куәліктермен, мақтау қағаздарымен расталған ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысушыларға;

4) білім беру ұйымның әлеуметтік, мәдени және спорттық өміріне белсенді қатысатын қатысушыларға.

 

Конкурсқа қатысу үшін студент деканат факультетіне төмендегілерден тұратын портфолио өткізу тиіс:

  1. Ректордың атына білім алушыдан деканның визасы бар конкурсқа жіберілген өтініші;
  2. Транскрипт (қол қойылған және мөрленген);
  3. Мінездеме (куратордың, кафедра меңгерушісі, факультет деканының қолдары);
  4. Қазақстан Республикасы Президентінің шәкіртақысын тағайындаудағы ұсыныстар туралы факультеттің Ғылыми кеңесінің хаттамасы;
  5. Республикалық және халықаралық ғылыми журналдарда, ғылыми жұмыстар жинақтарындаға мақалалар көшірмелері (бар болған жағдайда);
  6. Сертификаттар мен мақтау қағаздар көшірмелері (бар болған жағдайда).

    Құжаттарды қабылдау мерзімі – 2018 жылдың 4 шілдесіне дейін.

 

Академиялық мәселелер жөніндегі департамент