Хабарландыру

Пресс-служба     26 Oct,2018        

Егер сіздерде таптырмас бизнес-идея болса? Университетіміздің  студенттерін, магистранттары мен докторанттарын және жобалаушы топтарын

«Ең үздік стартап-жоба» 

атты конкурсына  қатысуға шақырамыз.

Бизнес-идеяларға  ұсынылатын бағыттар:

vОқу процесіндегі инновациялар;

vӘлеуметтік және мәдени жобалар, студенттік  бизнес;

vТехнологиялар және өндіріс;

vАграрлық бизнес.

         Авторлар мен бизнес-идеяға қойылатын талаптар:

ØАвторлар  көтерген мәселесімен танысып, оны шешу жолдарын анық білуі тиіс;

ØТақырып конкурстың бағыттарына сәйкес болуы қажет;

ØҰсынылған бизнес-идея инновациялық сипатқа ие болуы керек.

Конкурстың мерзімдері: І-кезең, іріктеу – 2018 жылдың 16 қарашасы

                                            ІІ-кезең, ақтық сайыс – 2018 жылдың 28 қарашасы

 Өтетін мекен-жайы:   ИТФ, 218 каб. (9 корпус)

Стартап жоба конкурсы әлеуетті инвестор немесе бизнес бойынша әріптесті тауып беру, бизнес-жоспар құруға кеңес жүргізу мүмкіндігін қарастырады.

Өтініш 2018-ші жылдың 25 қазанынан  9-қарашаға дейін қабылданады.

Конукурс жайлы толық ақпарат мына телефон: 8701-355-18-23, 8747-453-95-13 және                                  e-mail: nurgaliyev.nurlybekuly@gmail.com

   немесе  Физкультурная к-сі 4А, №17 каб., «Франшиза және технология орталығы»

 

Конкурсқа қатысу өтінімдерін тіркеуге қойылатын талаптар
Конкурсқа қатысушылардың  жіберген жобалары қазақ немесе орыс тілінде жазылып, электрондық формат (doc.формат)  құжат түрінде жасалынып қабылданады,  онда келесі ақпараттар қамтылады:

  • Бас беті – Старт-ап жобаның атауы, конкурсқа қатысушының аты-жөні, факультет пен кафедраның атауы, оқу курсы, байланыс ақпараты (электрондық пошта, байланыс телефоны);
  • Жобаның тұжырымдамасы, әлеуметтік маңызы бар негіздеме, инновация, өзектілік;
  • Жобаның мақсаты мен тапсырмалары;
  • Бизнес-идеяның орны, кезеңдері және іске асыру мерзімі;
  • Бизнес-идеяның мазмұнын сипаттау (жұмыс түрлері, іске асыру тетігі, оқиғалар жоспар-кестесі)
  • Жобаны басқару сұлбасы;
  • Жобаны іске асыру үшін персонал (бизнес-идеялар);
  • Күтілетін нәтижелер, олардың әлеуметтік-экономикалық  тиімділігі
  • Жобаның қаржылық көрсеткіштерін есептеу. Жобаның бюджеті 5 миллион теңгеден аспауы тиіс. Жобаның өзін-өзі ақтау мерзімі 1-3 жылдан аспауы қажет;

Стартап жобаның мәтіні 30 беттен аспауы  керек Мәтін пішімі: Windows for Word,  Бет пішімі: A4. Өрістер: 20 мм – жоғарғы, оң, сол, төменгі. Қаріп: өлшемі (кегль) – 12; интервал – 1,5; тип – Times New Roman. Мәтінде суреттер, кестелер қолдануға болады.

Сараптама комиссиясы ұсынылған бизнес-идеяларды, егер олар жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе, авторларға шолу жасамай-ақ, бас тартуға құқылы. Авторлар жобаны қабылданбағаны туралы хабардар болады.