Құзіреттілікті және түлектерді жұмыспен қамту әлеуетін дамыту Орталықтарын құру ” ERASMUS + Жобасы (COMPLETE)

Іске асыру мерзімі: 15.10.2015-14.10.2018

Жоба сипаттамасы: Болон процесі  аясында еңбекпен қамту әлеуеті (Employability) “… жоғары оқу орнын бітірген соң лайықты жұмысты табу және сақтау немесе  өзін-өзі жұмыспен қамту, сондай-ақ еңбек нарығындағы ұтқырлық қабілеті” деп түсіндіріледі. (WorkingGrouponEmployability 2009, p. 5)

Бұл тұрғыда жоғары білімнің рөлі «… студенттерге жұмыс орнында, сонымен қатар қызығушылық танытқан жұмыс берушілерге  қажетті  білім, дағдылар мен құзыреттіліктерді меңгерту;  жұмыс барысында жұмысқа орналасу үшін қажетті жаңа құзыреттерді дамыту” болып табылады. (WorkingGrouponEmployability 2009, p. 5).

Қазақстан Республикасында (ҚР) және Ресей Федерациясында (РФ) таңдаған мамандықтары бойынша жоғары оқу орындары түлектерінің табысты жұмыспен қамту мәселесі мемлекеттік деңгейде талқылануда, дегенмен, осы мәселені шешуге жүйелі тәсіл әлі әзірленбеген. Қазіргі уақытта түлектердің әлеуетін дамытуға және жұмыс беруші мен жоғары оқу орны арасындағы диалогты жеңілдетуге мүмкіндік беретін бағдарламалар жоқ.

COMPLETE жобасын іске асыру құзіреттілікті және жұмыспен қамту әлеуетін дамыту Орталықтарын құру арқылы қалыптасқан жағдайды өзгертуге бағытталған.

Жоба мақсаты:

  • Болон процесінің талаптарына сәйкес жұмысқа орналасу әлеуетін дамыту және нығайту.
  • Құзіреттілікті және жұмыспен қамту әлеуетін дамыту Орталықтарын құру.
  • Әр түрлі мақсатты топтар үшін курстар мен тренингтерді әзірлеу және енгізу
  • Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының білім беру кеңістіктеріндегі Орталықтарды танымал ету.

 Жоба міндеттері:

  • РФ мен ҚР-да ұлттық, аймақтық және университеттік деңгейлерде жұмыспен қамту ерекшеліктерін талдауды жүргізу.
  • Университеттің ұлттық және аймақтық ерекшеліктерін ескере отырып және университеттің қажеттіліктеріне негізделген Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының серіктес жоғары оқу орындарының базасында құзіреттілікті және жұмыспен қамту әлеуетін дамыту Орталықтарының моделі мен тұжырымдамасын құрастыру.
  • Орталықтарды пилоттық ету. ЖОО-да орталықтарды ашу. Құзіреттілікті және жұмыспен қамту әлеуетін дамытуға бағытталған модульдерді, тренингтер мен іс-шараларды әзірлеу.
  • Жобаның нәтижелерін тарату және сапаны бақылау.

 

Консорциум

Еуропа Одағы

Билефельда қаласындағы Жоғары кәсіпкерлік мектебі, Германия.

  • Еңбек нарығы және әлеуметтік саясат, кәсіптік білім беру институты, Германия
  • Технологиялық институт  Пиреус қ., Греция
  • Марибора университеті, Словения

Казахстан Республикасы

  • Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
  • Халық шаруашылығы Университеті  (Нархоз),  Алматы қ.
  • Қазақ тұтынушылар одағының Қарағанды экономикалық университеті

Ресей Федерациясы

  • Дон мемлекеттік техникалық университеті
  • Мәскеу геодезия және и картография мемлекеттік университеті
  • Воронеж мемлекеттік университеті
  • Тюмень индустриалдық университеті
  • Пермь мемлекеттік университеті

Жоба сайты COMPLETE: http://cced-complete.com

Жоба ұйымдастырушысы: Қолданбалы ғылымдар Университеті FachhochschuledesMittelstands Билефельд қ., Германия http://www.fh-mittelstand.de

“The European Commission support for the production of this publication does not constitute an endorsement of the contents which reflects the views only of the authors, and the Commission cannot be held responsi­ble for any use which may be made of the information contained therein.»

http://cced-complete.com/images/logo_3.png