Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті 2018 жылдың 18-26 шілде аралығында мемлекеттік білім беру гранттарын алуға конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдайды. Біздің мекен-жайымыз: Семей қ., Глинки көш., 20 А, телефон: 31-87-79

«Химия және химиялық технологиялар» кафедрасы Профессор М.Ғ.Яшкарова атындағы оқушылардың химия пәнінен аймақтық олимпиадасы

Асем Утешева     13 Dec,2017        

2017 жылдың 09 желтоқсанында  Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің инженерлік-технологиялық факультеті, «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасы «Профессор М.Ғ.Яшкарова атындағы  оқушылардың химия пәнінен аймақтық олимпиадасын» өткізді. Олимпиадаға Семей қаласы және  қала маңындағы Знаменка, Озерки, Түріксіб, Абыралы, Шүлбі, Приречный, Пригородный, Шакаман мектептерінен, сонымен қатар Үржар, Абай, Бесқарағай аудандары мектептерінің 9, 10 және 11 сыныптардан жалпы саны 163 оқушы  қатысты.  Әр оқушы химия пәнінен өз білім деңгейлерін көрсетті.

11 сыныптар арасында жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі 1,2,3 орындарға ие болған оқушыларға университет ректоры атынан «Университет гранты» берілді:

1 орын- «Университеттің алтын қоры» иегері экономикалық лицейдің 11 сынып оқушысы Молдаш Асанәлі.

2 орын- «Университеттің күміс қоры» иегері № 21 ОМ 11 сынып оқушысы Ермекбаева Алина.

3 орын- «Университеттің қола қоры» иегері № 34 ОМ   11 сынып оқушысы Гуня Виктория.

10 сыныптар арасында:

1 орынды №1 ОМ, 2 орын- №37 гимназия және экономикалық лицей, 3 орын –Пригород ОМ, №30 ОМ және экономикалық лицей оқушылары иеленді.

9 сыныптар арасында:

1 орынды Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия, 2 орынды №47 ОМ және экономикалық лицей, 3 орынды Абыралы ОМ, №4 ОМ және Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия оқушылары иеленді.

Жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орынға ие болған оқушылар мақтау грамотасымен, ал мұғалімдері ректордың алғыс хатымен марапатталды.

Химия пәні мұғалімдеріне  «Оқушылардың ғылыми жұмысын арттыру  аспектісінде университет пен мектеп арасындағы қарым-қатынас» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.