Ынтымақтастық меморандумына қол қойылды

Пресс-служба     11 Jan,2019        

Ағымдағы жылдың 11 қаңтарында «Құқықтану» кафедрасының бастамасымен Шәкәрім университеті және Шығыс Қазақстан облыстық соты арасындағы ынтымақтастық меморандумына салтанатты қол қою шарасы өтті.

Аталған шарада Шәкәрім университеті тарапынан ректор -М.Ғ.Ескендіров, Шығыс Қазақстан облыстық соты тарапынан, Семей қалалық сотының төрағасы – Н.Б.Абдикаримов меморандумға қол қойды.

Ынтымақтастықтың негізгі мақсаты – жаңа формациядағы заңгерлерді дайындау үшін ғылыми және практикалық әлеуетті біріктіру, сондай-ақ “Рухани жаңғыру” мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарын іске асыруға өзара жәрдемдесу болып табылады.

Тараптар ынтымақтастық жөніндегі шараларды жүзеге асыруда практикалық білім беруді жаңғыртуға бағытталған, жас мамандарды жұмысқа орналастыру, сот жүйесі қызметкерлерінің білім деңгейін көтеру, халықтың құқықтық мәдениеті мен сауаттылығын көтеру қажеттілігі туралы өзара ортақ пікірге келді.