ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Администратор     11 Mar,2019        

Ағымдағы жылдың 6 наурызда Аграрлық факультетте Шәкәрім университеті  және Шығыс – Қазақстан ауылшаруашылығы колледжі (с.Саратовка) арасындағы ынтымақтастық меморандумына қол қою шарасы өтті.

Меморандумға  қол қою шарасына біздің университеттен оқу- тәрбие жұмыстары  жөніндегі проректор Жандос Мукаев, талапкерлерді  рекрутингтеу және түлектерді жұмысқа  орналастыру орталығының жетекшісі Орынбасар Солтанбекова, Аграрлық факультеттің деканы Сауле Сейлгазина және декан орынбасарлары, кафедра меңгерушілері қатысты.

Келесі тараптан колледж директоры Уралбек Оспанов,  директордың орынбасары Аскар Шынтемиров және колледждің 2019 жылғы түлектері  келді.

Ынтымақтастықтың негізгі мақсаты:

  • «Ветеринария» мамандығы бойынша білікті мамандарды дайындаудың тиімділігін арттыру мақсатында бірлесіп жұмыс істеу және техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту саласында тәжірибе алмасу;
  • Оқу – өндірістік жабдықтарды бірлесе пайдалану;
  • Екі тараптың техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы білімді бекіту, жұмыс тәжірибесін жоғарылату және жұмысшылардың беделін көтеру.

Колледж студенттеріне Аграрлық факультеттің аудиторриялары және зертханаларына және Агротехнопарк  бойынша экскурсия  жүргізілді.