«Жайдарман» лигасы аясында «Инженерлік-технологиялық факультетінің декан кубогі» ойыны өтті

Пресс-служба     27 Feb,2019        

25 ақпан күні инженерлік-технологиялық факультеттің ұйымдастыруымен Шәкәрім университетінің факультетаралық «Жайдарман» лигасы аясында «Инженерлік-технологиялық факультетінің декан кубогі» ойыны өтті. Шараның мақсаты «2019 жыл – Жастар жылына» орай  жастардың рухын көтеруге өз үлесін қоса отырып, мемлекеттік жастар саясатына атсалысу, «Мәңгілік ел» Жалпыұлттық патриоттық идеяның, Жалпыға ортақ еңбек қоғамы идеясы және оның құндылықтарын, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған міндеттерге өз үлесін қосу және насихаттау, жастарды достыққа, патриоттыққа тәрбиелеу, топтық қарым-қатынасқа баулу, дарынды студенттерді айқындау және қолдау көрсетіп, өнерлерін шыңдау.

Өнер мен өркениет, білім мен ғылым дамыған заманның жас өрендері, Шәкәрім шаңырағының әзіл сүйер студенттері өз өнерлерін көрсетті. Жарыс нәтижесі бойынша 3 орын  №1 жатақхананың «Шоқпар» командасы, 2 орынды «Қазақ филология факультетінің арулары» иеленсе, жүлделі 1 орынды ақпараттық-коммуникациялық технологиялар факультетінің «Мегаполис» командасы еншіледі. Командаларды құттықтаймыз!