Жаңа жыл мерекесіне орай «Тұмар» мейрамханасында «ШӘКӘРІМ ШАҢЫРАҒЫ КИНО ӘЛЕМІНДЕ» атты іс- шара өтті

Пресс-служба     29 Dec,2018        

26 желтоқсан күні «Тұмар» мейрамханасында «ШӘКӘРІМ ШАҢЫРАҒЫ КИНО ӘЛЕМІНДЕ» стиліндегі жаңа жыл – 2019 мерекесін қарсы алу іс- шарасы  өтті.

Шәкәрім университетінің ректоры М.Ғ.Ескендіровтің құттықтау сөзімен ашылды. Университеттің 2018 жылы жеткен жетістіктері жайлы видеоролик көрсетілді.

Шәкәрім шаңырағында жыл сайын әртүрлі керемет дәстүрлер пайда болуда. Жаңа жылдық кеш ерекше жаңалықтарға және тарихи оқиғаларға толы күн десек те болады. Жаңа жылдық кештің керемет жаңалықтары «Шәкәрім» күйінің және «Шәкәрім шаңырағы» әнінің тұсаукесері болды. Кештің жалғасы тіл үйірер «Жаңа жылдық торт» пен арнайы дайындалған «Жаңа жылдық сыйлықтардың» таратылуымен жалғасты.

Университет факультеттері «ШӘКӘРІМ ШАҢЫРАҒЫ КИНО ӘЛЕМІНДЕ» СТИЛІНДЕГІ кинокөріністен үзінді қойылымдар қойып, қонақтарға ерекше көңіл-күй сыйлады.

Жаңа жылдық кешке арнайы ұйымдастырылған «Мистер және Мисс Шәкәрім – 2018» сайысының жеңімпаздары анықталды.

Шәкәрім шаңырағының қонақтары «Кинофильм стилінде өнер көрсеткен үздіктер», «Жыл киностилі», «Үздік кинокөрініс», «Көрермен көзайымы», «Үздік костюмдер дизайны», «Ең белсенді ұжым», «Үздік жаңа жылдық костюм», «Ең көңілді қонақ», «Танцор диско» номинацияларымен марапатталды.