Жаңартылған білім беру мазмұнының әдістемесі бойынша түлегтерге семинар-тренинг

Пресс-служба     23 May,2018        

Орыс филология кафедрасы күндізгі және сырттай оқитын бөлімдерінің түлегтерімен сын тұрғысынан ойлау технологиясын игеру бойынша, оқыту мазмұнын жаңартуға көшу жағдайда оқыту стратегияларын менгеру туралы семинар-тренинг өткізді.

Тренингті №22 мектеп-лицейдің деңгейлік курстардан өткен және жаңартылған білім беру мазмұнының әдістемесін апробациядан өткізген тәжірибелі мұғалімдер Аманкулова Ж.К., Нугуманова Л. Т., Нурпеисова А. Ж. өткізді. Ұйымдастырылған топтық жұмыс орыс тілі мен әдебиетті белсенді оқыту стратегияларын пысықтауына қатысушыларға мүмкіндік берді.