Жаңартылған оқу мазмұнындағы жаңа оқулықтардың авторлары – Шәкәрім университетінің ғалым-ұстаздары

Маржан Смайлханова     30 Jun,2017        

Қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушылары, ф.ғ.к., доцент Айман Советқызы Актанова мен философия докторы, доцент  Арай Канапияқызы Жундибаева  жаңартылған оқу мазмұнындағы жаңа оқулықтардың авторлары. Ұстаздарымыз дайындаған 5 және 7 сыныптарға арналған “Қазақ әдебиеті” оқулығы және оқу-әістемелік кешендері Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі шешімімен қыркүйек айынан бастап орта мектептерде оқытылады.

Еліміз бойынша биылғы оқу жылынан бастап мектеп оқушылары жаңартылған оқу бағдарламасы негізінде дайындалған оқулықтар – бір күннің еншісіндегі іс емес. Осығанға дейін көпшілікке ұсынылған, бірнеше сараптамадан өтілген оқулық  әзірлеу жұмыстары бірнеше жыл бұрын қолға алынған.

Шәкәрім университетінің Қазақ әдебиеті кафедрасы талай жылдық тарихы бар, кешегі Қайым Мұхамедхановтың еңбегінің  үзілмес жалғасы іспеттес, сапалы кадрлар дайындауда елімізде көш бастап келе жатқан кафедра.  Бүгінгі елімізге мәлім ғалымдар Ғ.Есім, А.Еспенбетов, Қ.Шаяхметұлы, Қ.Мәшһұр-Жүсіп, Т.Жұмажанова т.б. академик, профессор, әдіскер ұстаздар түлеп ұшып, тәлім берген  Шәкәрім университетінің қазақ әдебиеті кафедрасы асыл сөздің шамшырағын  жаққан Абай еліндегі рухани ордалардың бірі.

Оқулық авторларының бірі А.Ақтанова осығанға дейінгі еліміздің орта мектептерінде оқытылып келе жатқан “Қазақ әдебиеті” (5-7сынып) электронды оқу құралының авторы болса, А.К.Жундибаева  қазақ, ағылшын, түрік тілдерінде жарық көрген оқу құралдары мен  монографиялардың және ЖОО студенттері мен магистранттарына арналған оқу-әдістемелік кешендерінің  авторы.

Оқулық жазу барысында  шет елдік тәжірибелер (Жапония, Ресей, АҚШ, Англия орта мектептері білім бағдарламалары ерекшеліктері) ескерілгенмен, ұлттық, қазақы болмыс, жас ұрпақтың  рухани санасының жаңғыруына басты көңіл бөлінген.

Талай жылдық тарихы бар Шәкәрім университетінің ұстаздарының кретивті, инновацияшыл, жаңа  білім беру талаптарына сай маман даярлауда қосқан үлестері  зор.

Тәжірибелі маман, өз ісінің білгірі Айман Актановаға,  жас та болса, талай халықаралық, отандық жобаларды жүзеге асырып келе жатқан, өз саласының мықты маманы, болашағынан зор үміт күттіретін ғылым докторы   Арай Жундибаеваның ғылыми-шығармашылық жолына мол табыстар тілейміз.