Жанель – “Мисс Семей 2018” атанды

Пресс-служба     30 Oct,2018        

Қаламыз жыл сайын ең сұлу, ең ақылды аруларын анықтайды. Биыл бұл сынға университетіміздің Шетел және орыс филология факультеті, “Шет тілі: екі шет шілі” мамандығының 4-ші курс студенті Жуман Жанель қатысты.

Әуелі екі апта көлемінде жүргізілген іріктеуден Жанель 44 арудың ішінде үздік деп танылған ондыққа өтеді. Финалда байқаудың төрт турынан сүрінбей өткен ол “Мисс Семей 2018” сұлулық байқауының тәжін жеңіп алды. Бас ұйымдастырушылар “Іңкәр Сезім” этно-студиясы мен “Гуль-Сымбат” сән театрының жетекшісі Садвакасова Асем Рыскалиқызы бастаған ұжым бір айға жуық дайындық жұмыстарын жүргізген. Көптеген фотосессия мен видео түсірілімдер де қоса жүрген.

Жанельдің айтуынша “Мисс Семей 2018” аталымынан кейінгі мақсатым “Мисс Қазақстан 2019” байқауында жеңіске жетіп, қаламыздың намысын қорғау. Бұл мақсатқа жету үшін дайындықты бастап та кеттік дейді.

Сұлулық деген ұғымды қалай түсінесің дегенде жас сұлу :
Егер сенің ішкі жан дүниең сұлу болса,сырт келбетіңде дәл солай сұлу болады. Абай атамыздың: «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деген сөзі бар ғой, менің ойымша, көркем мінез, әдемі әдеп, нұрлы ақыл біздің ішкі дүниемізді әрлеп тұрса, қасиетіміз бен қадіріміздің артта түседі.
P.S. Абай атамыздың нақылын өмірлік кредо етіп алған Жанелден кешегі қазақ аруларының жалғасын көрдік, қуандық, сәттілік тіледік.