Жарқын болашақтың кепілі сапалы білімде

Маржан Смайлханова     31 May,2017        

АҚ “Альфа Банк” 31-ші мамыр күні Шәкәрім Университетінің 2-курс студенті Бахтиярова Айданаға 1жылдық оқу ақысының серитификатын табыстады.

Семей қ. АҚ “Альфа Банк” филиалының директоры Хощанов Асқар Толебердіұлы өз сөзінде : “Жарқын болашақтың кепілі сапалы білімде деп білемін. Дәл осы себептен, банктың атынан грант табыстамас бұрын, біз үміткер студенттердің сабақ үлгерімін қарастырдық. Айдана, үздік білім алушы әрі жан-жақты студент болып табылды. Осыған орай біз, грантқа лайықты Айдана деген шешімге келдік. ”

Бахтиярова Айдана, “Шет тілі , екі шет тілі” мамандығының 2 курс студенті :“Альфа банктің маған табыстаған гранты бүл қаржылау көмекпен қоса, артқан сенім деп білемін. Енді, сабағымды тек кілең беске ғана оқуға міндеттімін деп ойлаймын.”