Жас футболшылардың жігерлі жарысы мәреге жетті

Асем Утешева     08 Jan,2018        

7-қаңтар күні мини футболдан балалар жаттықтырушыларын еске алуға арналған Республикалық турнир өз мәресіне жетті.  Шараны 2007-2008 жылғы жасөспірімдерді футбол лигасына іріктеу мақсатында Шәкәрім университеті ұйымдастырған болатын. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 14 команданың 200-ден астам жас аяқдопшылары үздіктер қатарына ұмтылды. Қызықты доданы университеміздің проректоры Марат Орынтайұлы арнайы келіп тамашалап, жанкүйер болды.  Жеті күнге созылған спорт бәсекесінде кіл мықтылар барын салды. Турнир нәтижесінде ересектер тобында  Семейдің «Цементник» командасының жас ойыншылары, кіші топта – Екібастұздан келген жасөспірімдер спорт мектебі жеңіп алды.

Байқаудың барлық жүлдегерлері кубоктармен, медальдармен, дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Турнирге қатысқан командалардың жаттықтырушылары мұндай жарыстар балаларға өз қабілеттерін дамытуға және тәжірибе жинақтауға көмектесетінін айтып, ризашылықтарын білдірді.

Естеріңізге салай кетейік, 14 қаңтар күні  балалар мен жасөспірімдер спортының оқу-бәсекелестік үдерісін жүйелеу мақсатында біздің университет ұйымдастыратын балалар футбол лигасының ойындары басталады.