Жас ғалымдарға арналған ғылыми семинар

Ким Валерий     24 Oct,2017        

2017 жылдың 20 қазанында ғылыми және инновациялық қызметтерді басқару бөлімінің ұйымдастыруымен «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатындағы тағам және химиялық технологиялар, медицина, радиоэкология саласындағы жетістіктер» тақырыбында Семей қаласының мемлекеттік медицина университетінің, Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының (Курчатов қаласы), Семей қаласының аймақтық онкология диспансері және Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің жас ғалымдары мен PhD докторанттарының қатысуымен ғылыми семинар өткізілді.

Аталған семинардың негізгі мақсаты тағам және химиялық технологиялар, медицина саласы мен радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі бойынша жас ғалымдар үшін ғылыми пікірталас алаңын құру.

Өзінің алғысөзінде ғылым және коммерциализация жөніндегі проректор С. Шарма Шәкәрім атындағы университеттің стратегиялық міндеттері ғылымды қарқынды дамыту, жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу белсенділіктерін ынталандыру және ғылым саласындағы негізгі жетістіктер әртүрлі ғылыми пәндердің тоғысуында болатынын баса атап өтті.

Семинар жұмысының негізгі бөлігінде жас ғалымдар өздерінің ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін таныстырды. Семинарда радиациялық қауіпсіздік мәселесін әр түрлі ғылым салаларының жас мамандары талқылады. Мысалы, PhD доктор А.Н. Кливенко қоршаған ортада қауіпті нуклидтердің концентрациясын төмендету үшін полиммер материалдарын пайдалану жолын зерттейді. Ұлттық ядролық орталықтың радиациялық қауіпсіздік және экология институтының ғылыми қызметкері Б.А. Кенесарин және оның әріптестері радионуклидтердің топырақ арқылы қой шаруашылығы өнімдеріне өту параметрлерін, яғни әртүрлі радионуклидтік жұқтыру сипаттарын зерттейді.  Семей қаласының мемлекеттік медицина университетінің PhD докторанты Э.К. Ожмухаметованың дәрі-дәрмек тасымалдаудағы көз жүйесі туралы баяндамасы қызықты болды. біздің университеттің PhD докторанттарының (Муратбаев А. и Жумадилова Г.)  биологиялық белсенді ингредиенттерді инкапсуляциялау үшін қондырғылар дайындау туралы болды.

Ғылыми семинардың қорытынды бөлімінде франшиз және технология орталығының жетекшісі Қ.Ж. Әмірханов жас ғалымдар үшін ғылыми семинарларды өткізудің маңыздылығын атап өтті және осындай семинарларды тұрақты түрде басқа да ЖОО мен ғылыми институттардың базасында өткізуді ұсынды.

Семинар соңында қатысушыларға сертификат таратылды.