«Жас химик» облыстық олимпиадасы

Асем Утешева     14 May,2018        

2018 жылдың 11 мамырында Шәкәрім университетінің инженерлік-технологиялық факультеті, «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының ұйымдастыруымен Аягөз ауданының Аягөз қалалық қазақ-мектеп лицейінде университет ректорының кубогына «Жас химик» облыстық олимпиадасы өткізілді. Олимпиадаға ШҚО-ның Аягөз, Көкпекті, Жарма аудандары мектептерінің 8, 9, 10 және 11 сыныптардан жалпы саны 23 команда, 70 оқушы  қатысты.  Әр оқушы химия пәнінен өз білім деңгейлерін көрсетті.

Бас жүлде Ректор Кубогын Аягөз қалалық қазақ-мектеп лицейі, 1 орынды Аягөз ауданының  №7 ОМ, 2 орындарды Мыңбұлақ ОМ және № 1 ОМ, 3 орын Сары-Арқа ОМ, № 5 ОМ, К.Қадыржанов атындағы ОМ оқушылары иеленді.

                                             

Жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орынға ие болған оқушылар мақтау грамотасымен, университеттің сыйлықтарымен, ал мұғалімдері ректордың алғыс хатымен марапатталды.

Химия пәні мұғалімдеріне  «Химияны оқытудың ғылыми-практикалық негіздері» тақырыбында конференция өткізілді. Конференция қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.