Жас журналистер жолдауға қолдау білдірді

Пресс-служба     11 Oct,2018        

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған Жолдауын  жас өрендерге жеткізіп, кеңінен насихаттау мақсатында Қазақ филологиясы факультеті журналистика кафедрасының оқытушылары студенттерімен бірлесе отырып Елбасы жолдауын талқылады.

         Қазір 2019 жылдың «Жастар жылы» болып жариялануы жастар арасында ең басты жаңалық деуге болады. Осыған орай, журналистика мамандығының 4 курс студенттері Тілеуғабылова Айдана, Қайранова Таңшебер, Матымов Сұлтан, Ережепова Аида арнайы баяндама оқып, өзге қатысушы студенттер өз ойларын ортаға салды. Елбасының сындарлы саясатына бір адамдай қолдау көрсететінін,  өздеріне артылған жауапкершілік жүгін айқын сезініп мақсатты істе белсенділік танытатындықтарын жеткізді.