Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімі

Пресс-служба     23 Jan,2019        

23 қаңтарда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев “Тәуелсіздіктің ұрпақтары”атты Жастар жылының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

Шәкәрім университетінің бес алаңында оқытушылар мен студенттер үшін онлайн-трансляция өткізілді.


Елбасы өз сөзінде «… біздің жастарымыздың жауапкершілігі мол, болашаққа нық сенімі, сарқылмас күші, бастаманы өз қолына алуға ұмтылу сияқты оң қасиеттерін…” атап өтті.

Ашылу салтанатында университет мақтанышы, Қазақстан Жазушылар Одағы Семей филиалының директоры Мерей Қартов сөз сөйледі. Шығармашылық және дарынды жастарды қолдау үшін Мерей Елбасына әдебиет академиясын құруды ұсынды.

Жастар жылы үлкен жауапкершілікке  ие. Мемлекет басшысы жастар мен жалпы қоғам алдында нақты міндеттер қойды. Өз кезегінде Шәкәрім университетінің жастары мемлекеттік міндеттерді жүзеге асыруға өз үлестерін қосуға дайын. Студенттер мен университет ұжымы әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттардың диалог алаңдарында Жастар жылын өткізу бойынша өз идеялары мен ұсыныстарын білдірді.