«Жастардың қаржылық сауаттылығы» атты краудсорсинг алаңы өткізілді

Пресс-служба     05 Nov,2018        

1 қараша 2018 жылы Шәкәрім мемелекеттік университетінде «Экономика және құқық» факультетінің ұйымдастыруымен ҚР Президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауының аясында «Жастардың қаржылық сауаттылығы» атты краудсорсинг алаңы өткізілді. Краудсорсинг алаңында Қазақстан Республикасының Ұлттық банктің Шығыс Қазақстандағы филиал өкілдері және қаржылық ұйымдар: АҚ «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры», АҚ «Жилстройсбербанк», СК АҚ «Nomad  Life», ТОО «Алтын Алка Ломбард» және коммерциялық банктер өкілдері қатысты.

  

Краудсорсинг алаңы аясында «Қаржы» кафедрасы ұйымдастыруымен экономика және құқық факультетінің мамандықтарының студенттеріне арналған «Қаржылық сауаттылық әліппесі» қаржылық ойыны өтті, ойын қорытындысы бойынша командалар келесі орындарға ие болды: Гран -При  –  «Есеп және аудит», 1 орын- «Юриспруденция», 2 орын – «Менеджмент», 3 орын- «Экономика».

   

«Саналы азамат» атты плакаттар сайысында
қаржы ұйымдарынан құралған тәуелсіз қазылар алқасы студенттер өнеріне келесі орындар тағайындады: Гран При – «Юриспруденция», 1 орын – «Қаржы», 2 орын – «Есеп және аудит», 3 орын – «Экономика» және «Менеджмент» мамандықтары.