Жолдаудан соңғы ойлар

Пресс-служба     10 Oct,2018        

Сандип Шарма, Менеджмент саласы бойынша PhD  докторы, Шәкәрім университетінің ғылым және коммерциализация проректоры:

Мен Жолдаудың жазбаша мәтінін оқып шықтым. Шынымды айтайын мені Президенттеріңіздің пайымды пікірлері мен ойлары таң қалдырды. Мен Үндістаннан келдім. Қазақстан сияқты әдемі мемлекетпен  бізді қашанда достық, бауырластық  қатынастар байланыстыратын. Сондықтан болар Үнді елі де сіздерге зор ілтипатпен қарайды. Әрине, алдағы уақытта біздің ынтымақтастығымыз арта түсетініне сенемін. Үндістан елі аз уақыт ішінде Қазақстанның аяққа нық тұрған қарқынды дамуына таңдай қағады. Маған сеніңіздер,бұл бүгін тамырын тереңге жайып үлгерген елді алдағы уақытта көптеген асулар мен жетістіктер, гүлдену мен даму күтіп тұрғанын дәлелдейді. Қазақстанның сәт санап ілгері қадам басуын адам айтса нанғысыз деуге тұрарлық. Жиырма бес жылдажеткен табыстарыңыз бүкіл әлемнің назар аудартып отырғаны өте қуанышты. Экономикалық алға озу, бүкіл әлемде бастапқы деңгейден университеттік деңгейге дейінгі оқу орындарының болуы, студенттік ұтқырлықтың биік көрсеткіштері, сауаттылықтың жоғары деңгейі және денсаулық сақтау жүйесі, өте қатал климаттық жағдайларда барлық ыңғайлылықтың болуы, сапалы инфрақұрылым, ЕуразиядаАстананың қаржы орталығы ретінде бой көтеруі -өте әсерлі оқиғалар және халық үшін  үлкен мақтаныш. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген және шебер басшылығымен Қазақстан жақын арада дамыған мемлекеттер қатарына қосылатынын батыл болжай аламын.

 

Сегун Oгунпекан, Шәкәрім университеті SKACC Халықаралық факультетінің ағылшын тілі оқытушысы:

Президент жолдауда  бейбітшілік пен қоғамдық келісім, Қазақстанның дамуы, басқа елдермен қарым-қатынасытуралы сөз қозғайды. Халық табысының өсуін, ең төменгі еңбекақының артуын, бизнесті қолдауды ерекше атап өтті. Екінші, Президент өмір сүру сапасының жақсаруына ерекше мән береді және осыған сәйкес осы мақсатқа жету үшін жол картасы бағдарламасының әзірленуін тапсырды. Бірінші кезекте білім, ғылым және денсаулық сақтауға бөлінген қаражатты арттыру қажеттігі, Қазақстандықтар сапалы өнімді тұтынуы керектігі, спорт және дене тәрбиесі, келесі жылы«Мұғалім мәртебесі туралы» заң қабылданатыны сондай-ақ медициналық қызмет көрсету, қолжетімді тұрғын үй, құқық қорғау және сот жүйелерін жаңғыртуға бағытталған бірқатар шаралар қолға алынатыны айтылды.

Қазақстанның барлық мүдделі тараптары, азаматтары, мемлекеттік және жеке секторларыбірлесе жұмыс атқарып табысқа қол жеткізе алатыны көңіліме қуаныш ұялатты.

Амангелдинова Аида, Халықаралық  SKACC факультеті, Бизнес басқару (BBA)  мамандығының 2 курс студенті:

Қазір Қазақстан мен Оңтүстік Корея елінің әріптестігі негізінде білім алудамын. Біз туралы көпшілігі біле бермейді. Өз факультетімжайлы айтар болсам SKACC – Қазақстан бойынша бірегей халықаралық орталық деуге болады. Оқуға түсер алдында ата-анаммен ұзақ кеңесіп,болашақта бизнес басқару  саласында заманауи білім алып қана қоймай, бірнеше тіл меңгеру қажеттігін сезіндім. Оқуды бітірген соң қос диплом иегері атанамыз. Университетімнің қолдауының арқасында биыл жазғы демалысымды Корей елінде өткіздім. Корей, ағылшын тілдерін меңгерумен қатар, кәріс халқының салт-дәстүрі, мәдениет мені ерекше қызықтырды, сонымен қатар «Компьютер ғылымдары», «Философия», «Қонақүй менеджменті» сияқты пәндерді оқып үйрендік. Студент ретінде келер жыл жеңістерге толы болатынына сенімдімін. Себебі келесі жылы Елбасы шешімімен Жастар жылы болып белгіленді.