ЖОО-ның жаңа эмблемасын жасаудың халықаралық конкурсында жеңімпаз атанғанға Шәкәрім университеті мың доллар көлемінде сыйақы табыстайды

Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруіне байланысты Шәкәрім университеті ребрендинг жүргізеді және жаңа эмблема жасауға арналған халықаралық конкурс жариялайды.
Байқауға бүкіл әлемнің студенттері қатыса алады.

Университет студенттерге шығармашылыққа деген көзқараста шексіз еркіндік ұсынады. Байқаудың басты мақсаты – дарынды студенттердің өздерін танытуға және Шәкәрім университетінің өміріне ат салысуға жағдай жасау.

Университеттің эмблемасы негізінен ресми құжаттарда пайдаланылады және эмблеманы жасау барысында ЖОО-ның мәртебесі мен терең тарихи тамырларына ерекше назар аударылуы қажет.

Жас жүлде* 1000 $

Екінші және үшінші орын жүлдегерлері бағалы сыйлықтармен марапатталады

Байқаудың басты шарттары:

Қатынсушының студент болуы

Әлеуметтік желілердегі Шәкәрім Университетінің ресми парақшаларына жазылу:

Instagram@shakarim.university
Facebook.com/semey_univer
Vk.com/semey_univer
Youtube каналы

Байқауға қатысу үшін қатысушыдан төмендегі ақпараттар сұралады :
– өтініш берушінің сауалнамасы еркін үлгіде (толық атауы, елі, қаласы, университеті, байланыс деректері)
· Сіз студент екеніңізді растайтын құжат (студенттік куәлік немесе жеке куәлік)
· Жұмыстың тарихын, оның идеясын және университеттің тарихымен байланысты түсіндіретін шағын мәтін
– Бір қатысушыдан ең көп дегенде үш үлгі қабылданады
– Өзгелердің идеяларын пайдаланбаңыз, өрескел көшіру жағдайында сізді байқаудан шығаруға тура келеді
– Конкурстың галереясына қабылданар алдында жұмыстар орындалу техникасы бойынша іріктеуден өтеді
– Жұмысыңыз жеңіске жеткен жағдайда, ақшалай сыйақы алу үшін сіз:
· Бастапқы файлдарды векторлық графикалық пішімдермен беру (ai, cdr, eps)
· Шәкәрім университетіне жұмысқа авторлық құқықты беру
· Ақшаны аудару үшін студенттің атына банк картасының деректемелерін ұсыну (шетел студенттеріне арналған карточка халықаралық транзакциялар үшін ашық болуы керек)

Техникалық тапсырма

– Байқауға ұсынылатын жұмыстар jpg форматты, бір дюйм 300 нүктеден тұратын және ең аз дегенде 1200 пиксельден кем емес сурет өлшемінде болуы керек. Түс схемасы RGB.

– Эмблемада университет атауы S’A’KA’RIM Y’NI’VERSI’TETI үлгісінде, сондай-ақ қаланың атауы SEMEI үлгісіндегі латын әліпбиінде берілуі керек.
– Жұмыста брендтің табиғатын және идеясын көрсету керек (брендтің сипаттамасы қоса беріледі)
– Эмблеманың қолданыстағы нұсқасы да беріледі, бірақ ол иллюстрациялық үлші бола алмайды. Университет заманауи үрдістерге сәйкес жаңа шығармашылық шешімдер көрсете алған шығармаларға артықшылық береді. Жаңа пішіндерді іздеу де қолайлы. Түс мәселесіне келгенде  брендтің бастапқы стилін ұстанған абзал.

Мерзім:

Байқауға қатысатын жұмыстар 2017 жылғы 2 қараша – 11 желтоқсан  аралығында қабылданады.
Байқаудың қорытындысы арнайы комиссияның шешімімен 25 желтоқсан 2017 жылы шығарылады.
Қатысушылардың өтінімдері мен байқауға қатысатын жұмыстар төмендегі адреске жіберіледі: contest@semgu.kz

Көмекші материалдар.

* Жеңімпазға төленетін ақша, Шәкәрім университеті тарапынан өтеледі, бұл қатысушысы үшін бірден-бір кепіл болып табылады. Жүлдені алу үшін, студент өзінің байқауға ұсынатын жұмысына университет атына авторлық құқық беруі тиіс, сондай-ақ бастапқы файлдар мен банк картасы болуы шарт (шетелдік студенттердің банк картасы халықаралық операциялар үшін ашық болуы керек). Барлық шарттар орындалып мен келісім-шартқа қол қойылғаннан кейін ақша жеңімпаздың шотына аударылады.