ЖУРНАЛ ТҰСАУКЕСЕРІ

Пресс-служба     14 Dec,2018        

Тәуелсіздік мерекесіне орай желтоқсанның 11-жұлдызында қазақ филологиясы факультетінде журналистика мамандығының студенттері арасында «Бесеудің хаты» және «Ерекше» атты  журнал тұсаукесері болып өтті.

Жыл сайын дәстүрге айналған 4 курс студенттері ұйытқы болатын тұсаукесер рәсімінің студенттер үшін тағылымы мол.

Журнал макетін дайындау, көркемдік әрленуі, ақпараттың сұрыпталуы, талдамалы-сараптамалық мақалалар мен поэзия өрнегі көрініс тапқан басылымдағы болашақ журналистердің қолтаңбасына қолдау көрсеткен журналистика кафедрасының оқытушы-профессорларының берген тәлімі зор.     Қанат қаққалы отырған түлектер журнал кескіндемесін әрлеп, өздерінің шығармашылық мүмкіндіктерін көрсетіп, барынша жеткізе білген.

Жас қаламгерлер ұсынған журналға пікір білдірген факультет деканы А.Қадыров, аға оқытушы, «Абай» журналының бас редакторы М.Оспанов, кафедра меңгерушісі Ш.Кеңесбаевалар журналдың мазмұны мен көркемдік әрленуіне тоқтала отырып, студенттерге ақ жол тіледі.

Топ кураторлары А.Хибадуллина, С.Түсіпбаева және Ә.Жұмағұлова, Ж.Секей сынды кафедра доценттері сөз алып, «жас ақын» номинациясы бойынша М.Жақан, «үздік айтыскер ақын» І.Әділхан, «үздік диктор»

 

Г.Серікқазиева, «үздік тілші» Н.Ғалбият, «үздік тв жүргізуші» Е.Досмұхамбетова, «үздік оператор» Е.Райхановтарды марапаттады.

Мерекелік кеште арнайы әзірленген бейнероликтер көрсетіліп, студенттер оқытушыларға алғыстарын өз арнауларымен жеткізді. Кеш барысы мерекелік ән-бимен, журналистік тапқырлық пен шеберлікті айқындайтын  телебағдарламалар топтамасын бейнелеумен жалғасын тапты