Шәкәрім университетінің қазақ филологиясы факультетінің 3 курс студенті Аймухаметова Наргиз V халықаралық ғылыми-теориялық конференциядан I орын алды. Жетекшісі ф.ғ.к. қауым. проф. м.а. А.С.Ақтанова.
Наргиз “Қазақ мифологиясындағы әлем бейнесі” атты ғылыми баяндамасын пленарaлық отырыста қорғады. “Ғылым және жастар: жаңа ойлар мен шешімдер” тақырыбындағы конференция 2019 жылдың 1- наурызында Қарағанды қаласында болды. Конференцияға еліміздің әр аймағынан: Алматы, Өскемен, Қарағанды, Шымкент, Тараз, Павлодар, Қостанай, Семей қалаларынан, шетелдерден: Англия, Ресей, Беларусь Республикасы, Үндістан студенттері мен магистранттары қатысып, ғылыми тың ойларымен бөлісті.