Шәкәрім университетінің ректоры Байжұманов Мұхтар Қазбекұлы «Студенттік Парламент» белсенділерімен “ZOOM” платформасында онлайн кездесу өткізді.
Кездесу барысында қашықтықтан оқыту кезінде орын алған мəселелер жайында және болашақтағы іс-шаралар туралы айтылды. Студенттер өзекті сұрақтарға жауап алды. Ректор болашақта аталмыш сұрақтар шешімін табатынын жəне оқытушылар базасының біліктілігі артатынын атап өтті. Оқу ғимарттарындағы замануи техникалар, компьютерлер, лабараториялық құрал-жабдықтардың жаңартылатыны, жылдамдығы жоғары интернет желісі орнатылып, wi-fi аумағы ашылатыны сөз болды. Кездесу соңында белсенді студенттер алғыс білдірді.