2021 жылдың 19 қаңтарында Университеттің «Қазіргі әлемдегі жоғары білім: жағдайы мен болашағы» Әдістемелік апталығының ашылуы өтті.
Пленарлық отырыста жоғары білім берудің өзекті мәселелері: оқу үрдісін ұйымдастыру, ғылыми зерттеулер, тәрбие жұмысының рөлі, кадрлық және қаржылық саясат, кітапхана жұмысын ұйымдастыру, педагогикалық қайта даярлау бағдарламасын әзірлеу талқыланды.
200-ден астам адам пленарлық отырысқа қатысуға, өз сұрақтарын қоюға және талқыланатын мәселелер бойынша өз пікірлерін білдіруге мүмкіндік алды.
Әдістемелік апта секциялардағы жұмыстармен жалғасады.