Аграрлық сектордағы цифрландыру

Пресс-служба     24 May,2019        

22 мамыр күні Аграрлық факультетте “Шығыс Қазақстанның құрғақ дала аймағындағы жем-шөп алқаптарының өнімділігін арттыру егіншілік технологиясын енгізу” жобасы шеңберінде семинар өтті. Семинарға Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіп кешені қызметкерлері, Семей қаласының жауапкершілігі шектеулі серіктестері қатысты. Атап айтқанда, Бесқарағай және Бородулиха аудандары, “Geoscan-Қазақстан” және “Geoid” ЖШС ірі агрогеодезиялық компаниялары.

Фермерлер үшін нақты егіншілікті қолдану негізінде ауыл шаруашылығында цифрландыру мүмкіндіктері және Шәкәрім университетінің ауыл шаруашылығына көмек көрсету мүмкіндіктері, барлық дала жұмыстарын уақытында жоспарлау, ресурстарды тиімді пайдалану және ғылыми негізделген тәсілдер негізінде өнім өндіруге арналған шығындарды азайту мүмкіндіктері көрсетілді. Университетіміздің біліктілігі жоғары маманы Александр Климук, «Агрогтехнология және орман ресурстары» кафедрасының меңгерушісі Гульнар Джамановамен бірлесіп  Шәкәрім университетінің визуализация студиясының элементтерімен таныстырды. Семинар барысында DJI 4 PRO дроны іске қосылды. Дрон жоғары дәлдікті түсіруді жүзеге асырды және ақпарат элементтерін экранға шығарып, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.

“Geoscan – Қазақстан” ЖШС директоры Сергей Крыцкийдің  ұшу аппаратын қолдану арқылы электрондық Топырақ картасын жасау туралы ақпараты қызықты болды. Шаруа қожалықтарының басшылары игерудің пайдасын атап өтті, өйткені карта топырақ бонитетінің балы бойынша әрбір жер учаскесінің бірдей еместігін анықтауға мүмкіндік береді.

Аграрлық факультет ғалымдарының Ауыл шаруашылығын цифрландыру саласындағы зерттеулері агросектордағы сандық сауаттылықтың мақсаты мен міндеттерін біріктіретін фермерлердің мүдделеріне сәйкес келді.