«ИДЕЯДАН БАСТАП, СТАРТАПҚА ДЕЙІН»

Пресс-служба     29 May,2019        

28 мамыр күні Шәкәрім Университеті  Ғылыми кітапханасының Коворкинг-орталығында «ДИДАКТИКАЛЫҚ КӨПІР: ЕВРОПА-АЗИЯ» III Халықаралық  білім форумы аясында «ИДЕЯДАН БАСТАП, СТАРТАПҚА ДЕЙІН» БИЗНЕС-ТРЕНИНГІ өтті.

Тимбилдингтың ұйымдастырушылары ретінде  Шәкәрім университетінің  Ғылыми кітапханасы мен франшиза және технологиялар орталығы танылды.

Бизнес-тренингтің  негізгі мақсаты – қала жастарын тәжірибелі кәсіпкерлермен таныстыру; идеялардың (түпкі ойлар) қалай бизнеске айналатыны туралы жариялау.

Қатысушылар идеяны қалай тудырып, оны стартап деңгейіне жеткізуді: бизнес-модельді құрастыру, тайм-менеджменттің негіздері – уақытты тиімді пайдалану, өзін жетілдір, өнімін ұсыну сияқты бірқатар дағдыларды үйренді.

Тренингтің спикерлері:

Қатысушыларға «Бизнес жоспардың негіздері»  тақырыбын «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Семей қаласы филиалының маркетинг қызметтері бойынша менеджер-кеңесшісі Ахметов Қуаныш қысқаша түсіндірді.

Еркебұлан Тұрсын – жас кәсіпкер,  «INTELLECTUAL» білім беру орталығының атқарушы директоры, «Қазастан жастарын қолдау» Шығыс Қазақстандық жастар қоғамдық қорының төрағасы, Семей қаласы Әкімшілігінің жастар кеңесінің мүшесі «Жастар кәсіпкерлігінің болашағы» атты мастер-классын өткізді.

«Тайм-менеджменттің негіздері» атты мастер-класспен жас кәсіпкер, «BANZAI» мейрамханасының басшысы, блогер, Семей қаласының  кәсіпкерлер тобын әкімгері және  «Кайдзен» жобасының ұйымдастырушысы – Тұрлыбеков Аян бөлісті.

«Іскерлік қарым-қатынас бизнестің іргетасы» деген атпен болған іnteraction (диалогтық кездесу) халықаралық сертификатталған тренер, Шәкәрім университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты және  «Эрудит групп» білім және ғылыми орталығы, Анализ және әлеуметтік зерттеу институтының, жаңа форматтағы  «Эрудит кидс» бала-бақшасының директоры әрі құрылтайшысы, сонымен қатар «Еуразиялық білім» халықаралық ғылыми-педагогикалық  журналдың редакторы – Мамырбеков Арафатпен тәмәмдалды.