Пресс-служба     05 Sep,2019        

Бүгін халықаралық қайырымдылық күні. Кез келген жағдайда адамдық кейпіңді жоғалтпау бұл өмірдің басты миссиясы. Бүгінгі қоғамда қайырымдылық жасауды міндет деп білетіндер саны көбейді. Бұл елімізде жанашыр, қайырымды жандардың көп екенінің айқын дәлелі. Оның бірі де бірегейі еріктілер. Өз еркімен мұқтаж жандарға көмек қолын созып, жәрдемдесуге дайын тұратын еріктілерді мемлекет басшысы да қолдап, келесі жылды «Волонтерлар жылы» деп белгіледі. Ол дегеніміз қоғамда қайырымды жандардың бағасын арттыру. Жақсылық жаршысы болып, қайырлы іс жасаудан шаршамайық!