«Назар аудар» құрамасымен кездесу өтті

Пресс-служба     16 Oct,2019        

Шәкәрім университетінде университеттің 85 жылдық мерейтойына орай «Шәкәрім университеті – Ащық алаң» іс-шаралар циклі аясында елімізге Жайдарман ойындары арқылы танылған, бүгін де театр атанып отырған «Назар аудар» құрамасымен кездесу өтті.

Еркін форматта өткен кездесуде – студенттер сұрақтарын қойып, көңіл көтеріп қайтты. «Осындай әдемі кездесудің куәсі болдық, ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз» дейді риза болған жастар.

Мұндай үлгі боларлық кездесулер жастарға үлкен серпіліс беріп, ерекше әсер қалдыратыны анық. Айта кетейік, университетіміздің де квн командалары әрдайым жоғарғы деңгейде ойын көрсетіп келеді. Осындай кездесулерден кейін өздеріне керегін алып, шығармашылықтарын шыңдайды деген сенімдеміз.