Білім беру бағдарламасының рейтингісінде тағы бір үздік анықталды

Пресс-служба     19 Dec,2019        

Шәкәрім университеті «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының білім беру бағдарламалары рейтингісі ішінде «Мекетепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша үздік екендігін көрсетті.
Рейтингте 22 жоғарғы оқу орны ішінде «Мекетепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы 1 – орынға ие болса, 38 жоғарғы оқу орны ішінен «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы 8 – орынға ие болды.
Айта кетейік, Шәкәрім университетінің дайындап жатқан педагог мамандары тек қала деңгейінде емес, сондай-ақ облыс, Республика көлемінде де сұранысқа ие.