Пресс-служба     14 Feb,2020        

Шәкәрім университетінің ғылыми кітапханасы Инженерлік-технологиялар факультетінде «Кітапхана күні» атап өтті.

Факультет студенттеріне арнайы қойылған кітап көрмесіне оқытушылардың ғылыми еңбектері, әдебиет, білім бағыттарына арналған кітаптар қойылды. Сондай-ақ, студенттер мен магистранттарға «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» атты дәріс оқылды.

Айта кетейік, көрмеге 200-ге жуық студенттер мен оқытушылар қатысып, қажетті мәліметтерін алды. «Мұндай көрмелер жастарға қай бағыттағы туындылар ұнайтынын анықтап, кітапқа деген қызығушылығының артуына сптігін тигізеді» дейді оқытушылар.