Пресс-служба     14 Feb,2020        

«NIGHT Acoustic»  қалалық музыканттар сайысы өтті. Инженерлік-технологиялар факультетінің ұйымдастыруымен өткен қаламыздың өнерге жақын талантты жастары қатысты.

Сайыс жастар арасында музыкалық аспаптарға деген қызығушылықты                   ояту;жастардың саяси белсенділігін арттыру, өнерлі жастарды қаламызға таныту, одан әрі құлшыныстарын арттыру мақсатында өткізілді .

Семей қаласының жас өнерпаз жастарының басын біріктіретін «NIGHT Acoustic»   сайысы қалалық белсенді жастардың музыкалық аспаппен өнер көрсету алаңы болып табылды. «Мұнда жастар өнерге деген құлшынысын арттыру жаңа орта қалыптастыруға ұмтылады» дейді ұйымдастырушылар.

Сайыс жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталып, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.