Пресс-служба     14 Feb,2020        

Шәкәрім университетінің делегациясы Турағұл Абайұлын еске алу, есімі мен шығармашылығын дәріптеу мақсатында іс-сапармен  Шымкент қаласында болып қайтты.

Осы мақсат аясында білім ордамызда  АКМЕ халықаралық ағартушылар клубының арнайы кеңейтілген отырысы өтті.

Жиында Абайдың тумысынан бөлек дарынды ұлы туралы түрлі деректер айтылды.

Университет қабырғасындағы басқосуға қаламыздың ақсақалдар кеңесі, Абай ауданының өкілдері, қала билігі, зиялы қауым өкілдері, кәсіпкерлер және бұқаралық ақпарат құралдары қатысып пікірлері мен ұсыныстарын АКМЕ клубының ашық алаңында талқылады.

Оның ішінде  дара тұлғаның  Шымкент қаласында жерленген қорымына ескерткіш белгі орнату туралы ұсыныс қолдау тапты. Жиынға қатысушы азаматтар ешкімнен көмек күтпей, өз қаражатымызға жасайық деген ниеттерін де білдірді. Мұндай шешім –  Алаш елі үшін үлкен мәртебе. Ізгі бастамаға сәттілік!